Талдықорған: +39°C
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА АССАМБЛЕЯНЫҢ ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

19.12.2022
КҮНДЕРЕК
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА АССАМБЛЕЯНЫҢ ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қонаевта Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті. Жиынды Алматы облысының әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Марат Сұлтанғазиев ашып, биылғы жылдың 15 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2023-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасы» бекітілгенін атап өтті.

— Тұжырымдама аясында жаңа міндеттер айқындалды. Мемлекеттік саясат пен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда қазақстандық патриотизм, азаматтық теңдік, мемлекеттік тіл аясында топтасу сынды мақсаттар қойылды. Осыған байланысты Алматы облысының ішкі саясат басқармасына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2023-2026 жылдарға арналған өңірлік жоспарын әзірлеуді тапсырамын.

Ассамблеяның жұмысын жаңаша үйлестіретін уақыт жетті. Осы орайда Ассамблея қоғамдық мәселелерді шешіп, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, тіл үйрету бағытында жұмыс істеу қажет. Көп тіл білу көптеген мүмкіндікке жол ашады.

Бүгінде облыстық Ассамблеяның активі 20 мың адамды құрайды. 34 этномәдени бірлестік, 147 аналар кеңесі, 25 қоғамдық медиатор жұмыс істейді. «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін күшейту үшін алты ауданға 30 штат бірлігі бөлінді. Ассамблея мүшелері бірлік пен татулықтың арқасында талай белесті бағындырып келеді. Ассамблея елімізде өткен Референдум, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы сынды жауапты науқанда белсене қызмет етті. Сол үшін оларға алғыс айтамын, – деді облыс әкімі.

Марат Елеусізұлы облыстық Ассамблеяның биылғы жұмысын қорытындылап, келер жылдың кеңес құрамын бекітті. Кеңес мүшелері өз пікірілерін білдіріп, облыстық татар-башқұрт қауымдастығының төрағасы Ильдар Юлдабаевты облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметіне, Қонаев қаласының Құрметті азаматы Амангелді Беспаевты ақсақалдар кеңесінің төрағалығына, Гүлнар Жошыбаеваны аналар кеңесінің төрайымы қызметіне, Гүлжан Қызайбайды жетекші журналистер клубының төрайымы болуға ұсынды. Комиссия мүшелері бірауыздан қолдау білдірді.

Жиын соңында үздік қызмет атқарған Ассамблея мүшелері мен «Қайырымдылық керуені» акциясына үлес қосушы кәсіпкерлер марапатталды. Іле аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Мейрамгүл Жабиева ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жомарт жан» төсбелгісін иеленді.

Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Іле аудандық мәслихатының хатшысы Роза Абилова, «Элефтерия» Алматы облысы гректер қоғамының төрағасы Наталья Тифанциди, Еңбекшіқазақ аудандық күрд этномәдени бірлестігінің төрағасы Надо Надыров сөз алып, Ассамблеяның ұлтаралық татулықты сақтаудағы маңызы мен алдағы міндеттері жайлы айтып өтті.

Алма ЕСЕНБАЙ

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Қонаев қаласы,

Алматы облысы

 

Қатысты жаңалықтар

Жаһандық атом ғылымындағы Қазақстанның рөлі қандай?

Жаһандық атом ғылымындағы Қазақстанның рөлі қандай?

15.07.2026
Сарқан ауданында ветеринария саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Сарқан ауданында ветеринария саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

15.07.2026
Президент жаңа заңға қол қойды: Суррогат ана қызметіне шектеу қойылады

Президент жаңа заңға қол қойды: Суррогат ана қызметіне шектеу қойылады

15.07.2026
Қазақстаннан Қытайдың 11 қаласына ұшақ қатынайтын болады

Қазақстаннан Қытайдың 11 қаласына ұшақ қатынайтын болады

15.07.2026
Алакөлде әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты өтті

Алакөлде әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты өтті

15.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.