Талдықорған: +32°C
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ, ТАТУЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

07.12.2022
КҮНДЕРЕК
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ, ТАТУЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ОҚЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қонаев қалалық Мәдениет үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының қоғамдық келісім мен бірлік саласындағы рөлі» тақырыбында дәріс өтті. Оған ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйым жетекшілері, оның ішінде, депутаттар мен қоғамдық құрылым өкілдері, Ассамблеяның мүшелері мен сарапшылар қатысты.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған дәрістің мақсаты – қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз етуде Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының рөлін арттыру және осы бағыттарды жандандыру. Шараға Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жақыпов төрағалық етіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық этносты қазақ халқының маңайына топтастырып, басты құндылық татулық пен достық, бірлік пен ынтымақты сақтауда теңдесі жоқ институт ретінде бүгінде өз міндетін толық атқарып келетінін атап өтті.

Дәрісте Жетісу облыстық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Ғалия Ақбасова «мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «берік отбасы – берік мемлекет» тақырыбы аясында кеңінен ой қозғады. Сонымен бірге, бала тәрбиелеу, анаға құрмет көрсету, әкені сыйлау және отағасының отбасындағы рөлі, әсіресе, бүгінгі әкелердің бала тәрбиелеудегі міндетті көбіне аналардың мойнына жүктелетіні және «Сіз қандай әкесіз?» тақырыбында өткен сауалнама барысында отбасы тірегілерінің 88-89 пайызы «қонақ әкеге» жатқызылғаны әңгімеленді. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ахыска» Алматы облыстық түрік этномәдени орталығының төрағасы Шахисмаил Асиев Қазақстан – көпұлтты, ұлан байтақ мемлекет екенін және қазақ халқы 100-ден аса ұлт өкілдерін бауырындай сыйғызып, тату-тәтті өмір сүріп жатқанын және қазақ тіліне құрметін жеткізіп, алғыс айтып, бас иді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Уйғур авази» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, «Қазақстан ұйғырлары» республикалық этномәдени орталығы» төрағасының орынбасары Ершат Асматов ел тұтастығына сызат түсірмей, бірлікті дәріптеп, ел берекесін арттыруға үлес қосып жүрген журналистердің де бұл істе маңызды рөл атқарып жүргенін әңгімеледі. Өз кезегінде Жетісу облысының қоғамдық медиаторы Шолпан Мұсанова да өз пікірімен бөлісті. Жиынға қатысушылар ой қозғап, тілектерін айтты. Соңында қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм мен азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру үдерісіне этносаралық келісімді қамтамасыз етуде алдағы уақытта да бірлесе жұмыс атқарылатынына сенім артылды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қонаев қаласы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Өнер мен білім – өрлеу  кепілі

Өнер мен білім – өрлеу кепілі

14.07.2026
ЖИ мен МИ

Жаңа талап, жаңа жауапкершілік

14.07.2026
Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

14.07.2026
ҰБТ жүйесі өзгеруі мүмкін: Аида Балаева жаңа форматты ұсынды

Білім берудің стратегиялық тірегі

14.07.2026
«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

14.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.