Қазақстанның отын-энергетика кешенінде (ӨЭК) жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану мәселесі белсенді түрде қарастырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі UKIMET Telegram-арнасы арқылы хабарлады.
Салада ЖИ технологияларын дамыту мақсатында акселерациялық топ құрылған. Оның құрамына энергетика секторындағы жетекші компаниялардың өкілдері мен сарапшылар кірді.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, топтың басты міндеті – саланың нақты қажеттіліктерін айқындау және ЖИ технологияларын тәжірибеге енгізуге бағытталған пилоттық жобаларды жүзеге асыруда күш біріктіру.
«Топтың негізгі міндеті – салалық қажеттіліктерді айқындау және ЖИ технологияларын енгізу бойынша пилоттық жобаларды жүзеге асыру бағытында күш-жігерді біріктіру», – деді министр Үкімет отырысында.
Биыл, сонымен қатар, ЖИ шешімдері бар халықаралық вендорлар мен IT-компаниялардан тұратын AI-альянс құрылған.
Отандық IT-компанияларды қолдау мақсатында Энергетика министрлігі Astana Hub резиденттерімен бірлесіп, ЖИ шешімдерін енгізу және тәжірибелік сынақтар өткізу бойынша бірқатар меморандумдарға қол қойған.
Бұл бастамалар Қазақстанның энергетика саласында цифрлық трансформацияны жеделдетіп, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға бағытталған.





