Талдықорған: +23°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰРАЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ӘКІММЕН КЕЗДЕСТІ

15 ақпан 2020
КҮНДЕРЕК
ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰРАЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ӘКІММЕН КЕЗДЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бейсенбі күні түс ауа облыстық әкімдіктің фойесінде сымдай тартылған жас сарбаздар сапта тұрды. Бұл Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі № 7 орта мектебінде жаңа құрылған «Smartsarbaz» – «Жас өрт сөндіруші» кадет сыныбының тәрбиеленушілері болатын. Аталған жас сарбаздар облыс әкімі Амандық БАТАЛОВПЕН кездесті.

Іле ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық білім бөлімінің бірлесе ашқан жобасы республика көлемінде тұңғыш жүзеге асып отыр. 2019-2020 оқу жылында арнайы ашылған сыныпта 27 оқушы білім алады. Бұған дейін мектепте ішкі істер бөлімімен бірлесіп «Жас полиция» кадет сыныбы ашылған болатын.

Кездесуде облыс әкімі Амандық Баталовқа взвод басшысы, жас капитан рапорт беріп, сарбаздардың сапта тұрғанын баяндады. Мұнан кейін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерлан Нұрпейісов балалар мен ұстаздарды таныстырды. Департамент басшысынан кейін №7 орта мектептің директоры Захида Тореходжаева кадет сыныбы жайлы әңгімеледі.

Мектеп директорының сөзінше, сабақтан кейін оқушылар әскери-спорттық ойындармен, қару ұстау, қаруды бөлшектеп, жинаумен және құтқару әдіс-тәсілдерін үйренумен шұғылданады. Арнайы мамандардан дәріс алып, өрт болғанда қандай шараларды іске асыру керектігі және құтқару жұмыстары жайлы хабардар болады. Сонымен қатар, «смарт» атауының мәні жайында айтып өтті. Онда балалар робототехниканы қатар меңгеріп, жаңа технологияны қолдануды үйренеді. Бұл балаларды елжандылық пен патриоттық рухта тәрбиеленуге бастар жол екені анық.

Облыс басшысы бұл бастаманы қолдап, мектеп басшысы мен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. Оқушылармен тілдесіп, алдағы мақсаттарын сұрады. Сонымен қатар, Амандық Ғаббасұлы республикада алғашқы болып ашылған кадет сыныбын басқа да мектептерге үлгі етіп көрсетуді тапсырды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Еріктілер жылы деп атады. Ол дегеніміз – қиындыққа тап болғандарға кез келген уақытта көмекке келіп, қол ұшын созу деген сөз. Бұл біздің бойымыздағы қасиетіміз. Қазақ халқының басты құндылығы – маңайына көмек қолын созу. Мұндай жақсы қасиет бала күннен қалыптасады. Сендердің жас құтқарушы болуларың осының айғағы. Алдағы уақытта жақсы маман болып шығуларыңа көп септігін тигізеді. Сендердің жан-жақты, білімді де тәрбиелі азамат болып өсулеріңе біз барлық жағдайды жасаймыз, – деп А.Баталов сыныпқа Смарт-LED телевизорын сыйға тартты.

Жас өркендерге мектеп бітіргенде өрт сөндірудің арнайы курсын аяқтады деген сертификат табысталады. Кездесу соңында жас сарбаздар облыс басшысы Амандық Баталовпен естелік суретке түсіп, қаланың көрікті жерлерін аралауға аттанды.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Бүгін, 12:00
Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Бүгін, 11:30
Жайпақ вокзалы толығымен жаңартылды

Жайпақ вокзалы толығымен жаңартылды

Бүгін, 11:03
Текеліде автобус жүргізушісі мас күйінде ұсталды

Текеліде автобус жүргізушісі мас күйінде ұсталды

Бүгін, 10:53
Су үнемдеу технологиялары: 4.6 мың шақырым канал қайта жаңғыртылуда

Су үнемдеу технологиялары: 4.6 мың шақырым канал қайта жаңғыртылуда

Бүгін, 10:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.