Талдықорған: +23°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ПАСЫҚ ПРОПАГАНДАДАН АУЛАҚ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚПАРАТ КЕҢІСТІГІ ЖАҢА САЙТПЕН ТОЛЫҚТЫ

15.12.2022
КҮНДЕРЕК
ПАСЫҚ ПРОПАГАНДАДАН АУЛАҚ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚПАРАТ КЕҢІСТІГІ ЖАҢА САЙТПЕН ТОЛЫҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Medialab» коммуникация агенттігі еліміздің ақпарат кеңістігіне QAZ365.KZ сайты (жаңа сайтпен танысу үшін үстінен басыңыз) қосылғанын хабарлады. Алматыдағы «Атакент» сауда орталығының қонақүйінде жаңа ақпарат агенттігінің таныстырылымы өтті. Салтанатты шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, әріптестеріне сәттілік тіледі.

Осыдан бір жарым жыл бұрын қазақ журналистикасында өзіндік орны бар бір топ азаматтар «Medialab» коммуникация агенттігін құрған болатын. Қаламы қарымды журналистер аз уақыттың ішінде көптеген игі істің ұйытқысы болды. Енді міне, олар үлкен жобаны қолға алып отыр.

— Бауыржан Карипов, Жарас Ниязбек, Алмат Әбдіраман, Ербол Азанбек, Дәнеш Байболатов және Ұлан Тәліпбай сынды әріптес достармен ақылдасып, медиа саласында жаңа агенттік ашсақ деген тоқтамға келген едік. Соны жүзеге асыру мақсатында тынбай іздендік. Нәтижесінде «Medialab» коммуникация агенттігі өз жұмысын бастады. Бір жарым жыл ішінде біраз шараларды жүзеге асырдық. Мәселен, биыл «Жусан банктің» тапсырысымен 40 журналиске медиа тренинг өткізуді ұйымдастырдық. Оларға арнайы мамандар қаржылық сауаттылық туралы дәріс өткізді. Қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Сонымен қатар, Талдықорған қаласында Бейсен Құранбек ағамызды еске алуға арналған мини футболдан өткен турнирге демеушілік жасадық. Енді міне, жаңа сайтымыз оқырманға жол тартты. Алда атқарылатын жұмыстар аз емес, — деді «Medialab» коммуникация агенттігінің директоры Ришат Асқарбекұлы.

Кеште QAZ365.KZ ақпарат агенттігінің бас редакторы Бауыржан Карипов жаңа сайттың қандай бағыт ұстанатынын жан-жақты әңгімеледі.

— Жаңару мен жаңғыру жолында біз де өз үлесімізді қосып, жаңа медиа контент жасағымыз келді. Сондықтан QAZ365.KZ ақпаратық порталын аштық. Ұжым кілең жастардан жасақталған. «BBC» деген әлемдік телевидение бар. Соның кіреберісінде «Біздің медианың деңгейі жоғары ойлайтын адамдар үшін» деп жазылған. Ендеше, біз де озық ойлы оқырмандардың санын көбейтуге атсалысуымыз керек. Өйткені, журналистика – халықтық мүддеге қызмет ететін қоғамның қозғаушы күші, — деді Бауыржан Карипов.

Кеш барысында мәдениет қайраткерлері, қаламгерлер жаңадан ашылған интернет-басылымның ұжымына ақ жол тіледі.

— Бәсекесі биік медианарықта қоғамдық маңызы бар танымал сайтқа айналсын деп тілейміз. Өзегіне әлдекемдердің мүддесі жасырылған пасық пропагандадан аулақ болып, шындықты ғана шырағдан еткен ұстанымы мықты, оқиғаны әділ бағалай  алатын салмақты сараптамаларымен ел назарын аудара берсін, — деді «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Айгүл Аханбайқызы.

Болат МӘЖИТ

Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Жастар мен жасанды интеллект

Жастар мен жасанды интеллект

05.04.2026
Қорғау да, қолдау да маңызды

Қорғау да, қолдау да маңызды

05.04.2026
Төрт боксшы жартылай финалға жолдама алды

Төрт боксшы жартылай финалға жолдама алды

05.04.2026
Фермерге қаржы, шаруашылыққа тыныс

Фермерге қаржы, шаруашылыққа тыныс

05.04.2026
Анталияға жолдама алды

Анталияға жолдама алды

05.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.