Талдықорған: +16°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Президенттің Үкімет ісін «мінсіз емес» деп бағалауының мәнісі белгілі болды

05.01.2025
КҮНДЕРЕК
Президенттің Үкімет ісін "мінсіз емес" деп бағалауының мәнісі белгілі болды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында Үкіметтің жұмысы «мінсіз емес», «проблемалар бар» деп бағалады.

Президенттің айтуынша, Үкіметтің басты бір міндеті – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту. Жалпы алғанда, Министрлер кабинеті бұл міндетін орындап отыр.

Бірақ Үкіметтен, министрлерден енді экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту сияқты бағыттарда «неғұрлым тиімді жұмыс істеу және шешім қабылдағанда батыл болу» талап етіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ЖІӨ-сінің 4 пайыздық өсімі аздық ететінін және оған қанағаттанбайтынын ашық айтты. Мұндай өсім қарқыны 2029 жылға қарай ел экономикасын екі еселеу жөніндегі президенттік міндеттің орындалуын қамтамасыз етпейді. Сондықтан Үкімет экономиканы барынша дамыту үшін тың тәсілдер табуы шарт.

Өз кезегінде депутаттар ел экономикасының өркендеуіне серпін беруге тиіс мегажобаларды іске асыруда да серпін жоқтығына назар аудартты.  

Мәжілісмен Ержан Бейсенбаев Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында «ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруды» тапсырғанын еске салды. Президент кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындауды жүктеген еді.

Осы арқылы Үкімет Қазақстанды «жаңаша даму үлгісіне көшіруге тиіс». Алайда содан бері біраз уақыт өтті, екі рет Үкімет ауысты. Президент айтқан ел тағдыры үшін айрықша маңызды 15 жобаға министрлердің нені кіргізгенін жалпы жұрт түгіл, депутаттар да білмейтін болып шықты.

«Күні бүгінге дейін қандай ірі жобалар туралы айтылып жатқаны және оларды қандай көздерден қаржыландыру жоспарланғаны белгісіз! Ресми дереккөзде жобалардың нақты атаулары айтылмайды. Тек жекелеген жағдайларда қолға алынуы мүмкін кәсіпорындардың жалпылама қуат-күші ғана көрсетіледі. 2025-2027 жылдарға арналған үшжылдық республикалық бюджетте мұндай инвестициялар туралы еш ақпарат жоқ! 17 жобаға 15 триллион теңге инвестиция салынады делінді. Бұл сома елдің бүкіл республикалық бюджеттің шығындарына барабар. Онда неге осынша шығыны мол жобалар туралы ақпарат тапшы?» – дейді Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев.

Оның айтуынша, мысалға, бұған дейін ақпарат құралдарында инвестициялардың болжамды сомалары мен компаниялардың атаулары бар 17 жобаның тізімі жарияланады. Олардың ішінде болат, мұнай өңдеу, тыңайтқыштар, химия өндірісі, автоөнеркәсіп, туризм, қосылған құны жоғары тамақ өнеркәсібі өнімдерінің экспорты сияқты бағыттар бар.

Алайда тізімді жариялаған ақпарат құралдары «бұл тізімнің нақты емес, болжамды ғана екенін және ресми дереккөзде көрсетілген сипаттамаларға ұқсас жобалардан құрылғанын» ескертті.

«Тізімдегі жобалардың арасында 1 триллион теңге тұратын аквапарк, кезекті сауда ойын-сауық орталығы, қонақ үй салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Астанадағы Кіші Талдыкөлдің маңындағы көп функционалды тұрғын үй кешенінің құрылысы сияқты күмәнді жобалар бар. Маңғыстау облысында 317 миллиард теңгеге «Жылы жағажай» жобасы айтылды. Мұндай жобалардың өңдеу өнеркәсібінің дамуына оң әсер етері өте даулы! 1 триллионға сауда орталығын тұрғызу немесе 300 миллиардқа пляж жабдықтау өнеркәсіптік негізде жаңаша дамуға шығарады деп айту қиын», – деді мәжілісмен.

Сарапшыларда да, депутаттарда да біраз сұрақ қордаланыпты. Мәселен, ел экономикасының дамуына тың серпін беретін жобаларды кім және қандай критерийлер бойынша іріктеп алған?

Олардың қаржылық шығынын ертең бюджет көтермей ме? Жобаларды жүзеге асыру барысында сметаларды негізсіз қымбаттату, құрылыс және басқа материалдардың құнын қолдан арттыру сияқты қаржыны негізсіз игеру, капиталды сыртқа шығару сияқты бармақ басты, көз қысты тірліктер болмауы үшін не істеледі?

Үкімет не дейді?

Депутаттардың алаңдаушылығына байланысты Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің өзі жауап берді. Ол Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында берген тапсырмаға сәйкес, басым бағыттарда жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құруға бағытталған 17 ірі жобаның тізбесі әзірленгенін жеткізді.

Ол тізімге металдарды терең өңдеу, мұнай, газ және көмір химиясы, машина жасау, автокомпоненттер мен тыңайтқыштар шығару, туризм саласы және басқа ірі жобалар енгізіліпті.

Сонымен, Үкімет ұсынған мегажобалардың ресми тізімі келесідей:

  • KIA автомобильдерін шығаратын зауыт (Қостанай облысы), «KIA Qazaqstan» ЖШС, инвестиция көлемі – 191,5 млн доллар, 1500 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2025 жыл;
  • Қытай автомобильдерінің шығаратын мультибрендті зауыт (Алматы қ.), «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС, инвестиция көлемі – 387 млн доллар, 3600 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2025 жыл;
  • көпфункционалды туристік аудан (Астана қ.), «Ellington Group Kaz Ltd.», инвестиция көлемі – 412 млн доллар, 2000 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2026 жыл;
  • Ақтау қаласындағы «жылы жағажайды» кешенді дамыту (Маңғыстау облысы), Bazis-A, BI Group, FTG Group (Sembol) Tethys Aktau, инвестиция көлемі – 292 млн доллар (қазіргі бағаммен шамамен 150 млрд теңге), 5000 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2026 жыл;
  • бидай мен бұршақты терең өңдейтін интеграцияланған агроөнеркәсіптік кешен (Астана қ.), Tiryaki Agro (Түркия)/Hassad Food (Қатар), инвестиция көлемі – 400 млн доллар, 400 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2026 жыл;
  • металлургиялық кластер (Павлодар облысы), «Mineral Product International» ЖШС, инвестиция көлемі – 228,5 млн доллар, 526 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2026 жыл;
  • бидай дәнін терең өңдеу зауыты (Қостанай облысы), «Qostanai Grain Industry» ЖШС, инвестиция көлемі – 149 млн доллар 650 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2027 жыл.
  • аммиак және карбамид өндіретін зауыт (Маңғыстау облысы), «ҚазАзот Prime» ЖШС, инвестиция көлемі – 1,5 млрд доллар, 700 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2028 жыл;
  • ыстықтай брикеттелген темір өндіру зауыты (Қостанай облысы), «ССКӨБ» АҚ (ERG), инвестиция көлемі – 1 млрд доллар, 500 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2028 жыл;
  • Qarmet зауытын жаңғырту (Қарағанды облысы), «Qazaqstan Steel Group» ЖШС, инвестиция көлемі – 3,5 млрд доллар, аяқтау мерзімі – 2028 жыл;
  • мыс балқыту зауыты (Абай облысы), «KAZ Minerals Smelting»/NFC» ЖШС, инвестиция көлемі – 1,3 млрд доллар, 1083 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2028 жыл;
  • «Ертіс» құрамында алтыны бар жоғары көміртекті сульфидті концентраттарды қайта өңдеу жөніндегі гидрометаллургиялық комбинат, Polymetal International plc., инвестиция көлемі – 654,5 млн доллар, 500 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2028 жыл;
  • бутадиен және оның туындыларын шығаратын зауыт (Атырау облысы), «Бутадиен» ЖШС, инвестиция көлемі – 900 млн доллар, 750 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2028 жыл;
  • полиэтилентерефталат өндіретін зауыт (Атырау облысы), «KMG PetroChem» ЖШС, инвестиция көлемі – 1,5 млрд доллар, 800 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2029 жыл;
  • Интеграцияланған газ-химия кешені – газ сепарациялық кешеннің құрылысы бойынша жобаны іске асырудың екінші кезеңі (полиэтилен) (Атырау облысы), «Силлено» ЖШС/»KMG PetroChem» ЖШС, инвестиция көлемі – 9,7 млрд доллар, 938 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2029 жыл;
  • Шымкент МӨЗ-нің 2-ші кезегін салу (Шымкент қ.), «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, инвестиция көлемі – 5 млрд доллар, 1200 жұмыс орнын құру, іске қосу мерзімі – 2030 жыл;
  • калий тұздарын өндіретін байыту-өндірістік кешені (Батыс Қазақстан облысы), «Qazaq Kalium Ltd» ЖК, инвестициялар көлемі: 1-кезең – 1,25 млрд доллар, 2-кезең – 1 млрд доллар, 3-кезең – 1 млрд доллар, 4900 жұмыс орнын құру, І-ші кезеңді іске қосу мерзімі – 2027 жыл, ІІ-ші кезең – 2030 жыл, ІІІ-ші кезең – 2035 жыл.

Бұл тізімнен байқалатыны, мегажобалардың көпшілігі ағымдағы онжылдықтың соңына қалдырылған және дәл қазір экономиканың қарышты дамуына еш ықпал етпейді.

Оның үстіне бірнеше жылдан кейін әлемдегі және елдегі экономикалық ахуал өзгеріп кетіп, ол жобалар сол бойы қолға алынбауы немесе олардың өніміне сұраныс азаюы мүмкін.

Үкімет басшысының айтуынша, бұл ірі жобаларды іріктеу кезінде «орташа және жоғары деңгейде өңделген өнім шығаруы, экспортқа бағдарлануы, импортты алмастыруы, нарықтағы сұранысы, стратегиялық маңыздылығы мен мультипликативті әсері» ескерілді.

«Жобалардың жалпы құны 14 триллион теңгеден асады. Қаржыландыру көздері – жеке инвестициялар және қарыз қаражаты. Бұл ретте республикалық бюджеттен қаржыландыру жобалардың әзірлігіне қарай тек қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу үшін ғана қаралатын болады», – деді Олжас Бектенов.

Оның сендіруінше, бұл жобалар толық қуатына шыққанда 24 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады. Экспорт 6 триллион теңгеден астам сомаға ұлғаяды. Импортты алмастыру жыл сайын 1,5 трлн теңгеден асады.

«Жұмыс барысына тиісті бақылауды қамтамасыз ету үшін әрбір жоба бойынша іске асырудың егжей-тегжейлі жоспары бекітілді. Ол жоспарлардың орындалуына мониторинг Инвестициялық штаб шеңберінде жүзеге асырылуда. Аталған мәселе Үкіметтің ерекше бақылауында», – деді Үкімет басшысы.

Айта кету керек, өз сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев осы жобалардың бастапқыларына тоқтала кетті. Оның айтуынша, әлемге әйгілі брендтерге тиесілі автокөліктер құрастыратын жаңа өндіріс орындары іске қосылады. Қостанайда іштен жану қозғалтқышына қажетті шойын құймалар және жетекші белдемнің бөлшектері шығарыла бастайды.

Президент экономиканың дамуына зор серпін беретін ірі инфрақұрылым нысандарын салуға Ұлттық қордың қаражатын жұмсауға рұқсат етті.

Дереккөз: inbusiness.kz 
Фото: primeminister.kz

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.