Қасым-Жомарт Тоқаев таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионы атанған Бейбарыс Қабыланды жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мемлекет басшысы өз құттықтауында жас спортшының тарихи жетістігіне жоғары баға берді.
«Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін», – делінген құттықтауда.
Айта кетейік, Бейбарыс Қабыланды Кенияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль еншілеп, Қазақстан таеквондосы тарихында бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді.





