Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қатаң міндет жүктелді

Облыс көлемінде бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы нақты істермен жалғасуда. Осы бастама аясында облыс әкімінің орынбасары Марлен КӨЛБАЕВ аудан әкімдерінің орынбасарларымен арнайы жиын өткізіп, тазалық пен абаттандыру жұмыстарының жүйелі жүргізілуіне қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.

17 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Қатаң міндет жүктелді
WhatsAppTelegramFacebook

Кездесу барысында әр елді мекеннің көркі тазалықпен тікелей байланысты екенін атап өтті. Аудан орталықтарынан бастап шалғай ауылдарға дейінгі аралықта санитарлық ахуалды жақсарту, көшелер мен саябақтарды күтіп ұстау күн тәртібіндегі маңызды мәселе екенін айтты.

Жолдардың сапасын арттыру, жарық желілерін қалпына келтіру, жаңа шам бағаналарын орнату қажеттігі де назардан тыс қалған жоқ. Сондай-ақ, балалардың ойын алаңдарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын күшейту басты міндеттердің бірі ретінде белгіленді.

Қала ішіндегі аялдамаларда ілініп өңі кеткен, ескірген жарнамаларды жаңарту, арық жүйелерін тұрмыстық қалдықтан тазарту, жаяу жүргіншілер жолдарын нақты белгілермен қамту осы жиында қозғалған нақты тапсырмалар қатарында болды.

Табиғатқа жанашырлықпен қарау да назардан тыс қалмады. Қураған ағаштарды кесіп, орнына жас көшеттер отырғызу, қылқанжапырақты мен жапырақты ағаштарды жоспарға сай көгалдандыру – «Таза Қазақстан» аясындағы маңызды шаралардың бірі.

Тұрғындардан келіп түскен өтініштер мен шағымдарды Telegram-бот арқылы қабылдап, әрбіріне дер кезінде жауап беру – мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған тиімді әдіс екені айтылды.

– Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай барлық ескерткіштер жаңартылып, тарихи мұралар жаңаша кейіпке енді. Бұдан бөлек, биыл 20-ға жуық көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңартылып, 40 үйдің шатырын жаңалау жоспарланып отыр. Ал аудандардағы жұмыстардың сапасын бақылау үшін арнайы мониторингтік топ құрылып, жүйелі қадағалау жүргізіледі, – деді Марлен Көлбаев.

Бұл бастамалар жай тапсырма ғана емес, туған өлкені түлету жолындағы нақты қадам. Өңірдің әрбір тұрғынының белсенділігі мен жауапкершілігі осындай ортақ іске серпін берері сөзсіз.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.