Волейболдан әйелдер командасы арасындағы Қазақстан кубогының екінші ойын күнінде «Жетісу» Түркістанның «Тұран» клубын 3:0 (25:21, 25:15, 25:17) есебімен жеңді.
«Бразилияда өткен әлем чемпионатынан кейін қалыпқа келуімізге бір апта ғана мүмкіндік болды. Сол аралықта әр ойыншыны бақылап, қадағалаған мамандарымызға алғысымыз шексіз. Бүгін ойымыздағыны жүзеге асырдық. Алда маңызды матчтар күтіп тұр», – деді Перизат Нұрбергенова, «Жетісу» командасының ойыншысы.
Ертең команда «Қарағанды» командасымен топтық соңғы ойынды өткізеді.





