«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Талғат Алдыбергенов қызметінен кетті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Самұрық-Қазына» қорының шешімімен Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды. Ол бұл лауазымды 2025 жылдың шілде айынан бастап атқарған еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Премьер-Министр Олжас Бектенов компания басшылығының жұмысын сынға алған болатын. Үкімет басшысы транзиттік тасымал жоспарының орындалмауына байланысты Талғат Алдыбергеновке ескерту жасап, нақты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жедел шаралар қабылдауды тапсырған. Қазіргі таңда ұлттық компанияның алдында логистикалық әлеуетті арттыру және тасымалдау көрсеткіштерін жақсарту сияқты маңызды міндеттер тұр.
Темір жол саласы – еліміздің экономикалық дамуының негізгі күре тамыры. Транзиттік дәліздердің тиімділігін арттыру және халықаралық саудадағы серіктестікті нығайту үшін жоғары деңгейдегі басқару мен жауапкершілік қажет. Алдағы уақытта компанияның жаңа басшылығы бұл бағыттағы жұмыстарды жандандырып, көлік логистикасындағы оң өзгерістерге жол ашады деген сенім бар.
Еліміздің стратегиялық маңызы бар ұлттық компанияларындағы кадрлық өзгерістер жұмыс процесінің сапасын арттыруға септігін тигізеді.





