Талдықорған: +25°C
$ 458.23
€ 535.99
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстанда алғаш рет орман-климаттық жобасы іске қосылды

02.05.2025
КҮНДЕРЕК
Қазақстанда алғаш рет орман-климаттық жобасы іске қосылды
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен жылдың қарашасында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында парниктік газдар шығарындыларын сіңіруді сатып алу жөніндегі келісімге қол қойылды. Emission Removal Purchase Agreement (ERPA) орман-климаттық жобасы – Қазақстанда алғаш рет іске қосылған бастама және ол Алматы облысында жүзеге асырылуда.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай және «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясы аясында Қонаев қаласының Шеңгелді ауылдық округінде 10 мың түп терек, жабайы өрік, «Сириус» және басқа да ағаш түрлері отырғызылды.

Экологиялық шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов, SAFC компаниясының өкілдері, облыстық ғылыми-аграрлық институт мамандары және еріктілер қатысты.

Бұл бастама еліміздің табиғи ортасын жақсартуға, көміртек ізін азайтуға және экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған. Жоба аясында бұрын деградацияға ұшыраған және өнімділігі төмен ауыл шаруашылығы алқаптарының 1 500 гектарына жергілікті ағаш түрлерінің 3,5 миллионнан астам көшеті отырғызылады.

– Бұл – көміртек кредиттеріне арналған ауқымды жобаның бастауы. Халықаралық ұйымдармен, шетелдік компаниялармен және отандық ғалымдармен бірлесе отырып, су үнемдейтін технологиялар қолданыла бастады, – деді Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ облыс басшысы отырғызылған ағаштардың өңір микроклиматын өзгертуге әсер ететінін атап өтті. Ағаш жолақтарының арасында бақша және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге болады. Сонымен қатар бұл бастама облыстағы көшет шаруашылықтарына деген сұранысты арттырады.

Жобада тамшылатып суару технологиясын енгізу көзделіп отыр. Бұл су ресурстарын тиімді пайдалануға және құрғақ климат жағдайында тұрақты орман экожүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жоба аумағында көшетхана құрылып, инфрақұрылым іргетасы қаланды. Сонымен қатар жобаны кеңейтуге бағытталған ұзақмерзімді жоспарлар жасалуда.

Райымбек Баталовтың айтуынша, экологиялық жоба жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылуда.

– Барлық отырғызу және бақылау халықаралық стандарттар бойынша жүргізіледі, бұл көміртек бірліктерін сатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жобаның аясында бірнеше бағытты қамту жоспарлануда: «Еділбай» тұқымды қой өсіру, жеміс-көкөніс өнімдерін – әсіресе қызанақ өсіру ісін италиялық инвесторлармен бірге қолға алу. Бұл жобалар аграрлық салада және су мен энергияны үнемдеу технологиялары бағытында жаңа жұмыс орындарын ашуға сеп болады, – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы.

Жобаны қаржыландыру және көміртек кредиттерін халықаралық нарыққа шығару ісінде SEFE Marketing & Trading атты еуропалық серіктеспен бірлескен SAFC ЖШС іске асыруда. Жоба CCB Gold және Abacus халықаралық экологиялық стандарттары бойынша сертификаттаудан өтуде. Алдағы 30 жыл ішінде бұл бастама 1 миллион тоннадан астам көмірқышқыл газын азайтуға сеп болады.

Экологиялық жоба БҰҰ-ның тұрақты дамуының алты мақсатына қолдау көрсетеді: климаттың өзгеруімен күрес, жерді қалпына келтіру, жұмыс орындарын құру және «жасыл» экономиканы дамыту.

Бұл бастама елдің болашағына елеулі үлес қосып, экономикалық даму мен табиғатты сақтау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге жол ашады.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы Алматы облысында ауқымды іс-шараларды қамтиды. Биыл акцияға 186 мың адам, 9 мыңға жуық кәсіпорын мен ұйым қатысты. 6 300 тонна қоқыс жиналып, 70 мыңға жуық ағаш отырғызылды, түрлі ағаш тұқымдарының 13 келі дәні себілді. Іс-шараға 2 мыңнан астам техника тартылды.

Дереккөз: Aikyn.kz
Фото: gov.kz

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық құрылтай: ұсыныстан нақты шешімге дейін

Ұлттық құрылтай: ұсыныстан нақты шешімге дейін

21.08.2026
Сайлау күні бір күндік тіркеуден өтуге болады

Сайлау күні бір күндік тіркеуден өтуге болады

21.08.2026
Тарихи жадтың жаңғыруы

Құрылтай – ел болашағы талқыланатын маңызды алаң

21.08.2026
Қоңыр ауылындағы өзекті мәселелер талқыланды

Қоңыр ауылындағы өзекті мәселелер талқыланды

21.08.2026
Медицинадағы цифрландыру: сапалы қызметке бастар жол

Медицинадағы цифрландыру: сапалы қызметке бастар жол

21.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.