Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстанда енді баласының көзінше темекі шегіп, ішімдік ішкен ата-аналарға айыппұл салынады

20 қаңтар 2026
КҮНДЕРЕК
Қазақстанда енді баласының көзінше темекі шегіп, ішімдік ішкен ата-аналарға айыппұл салынады

istockphoto.com

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда енді баласының көзінше темекі шегіп, ішімдік ішкен ата-аналарға айыппұл салынады.

Мемлекет отбасы тәрбиесіне қатысты ережелерді өзгертті, енді ата-аналардың жеке әдеттері бақылауға алынатын болды.

Бұрын мемлекет отбасылық істерге аз араласуға тырысқандықтан, ата-аналар балаларды тәрбиелеу және жеке әдеттеріне қатысты кең еркіндікке ие еді. Алайда Қазақстан заңнамасындағы соңғы өзгерістер кәмелетке толмаған балалардың көзінше ата-аналардың мінез-құлқына айтарлықтай шектеу қойды. Заңда баланың құқықтарын қорғауға және салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше мән берілген. Енді Қазақстанда кәмелетке толмаған балалардың көзінше алкоголь немесе темекі тұтыну ата-ананың міндетін орындамау деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.

Сондай-ақ 2024 жылдың 16 маусымынан бастап Қазақстанда балаларға физикалық жаза қолдануға толықтай тыйым салынды. Бұрын ата-ананың “дәстүрлі тәрбиесі” ретінде қабылданатын “белбеумен немесе аяқ-киіммен ұру” сияқты әрекеттер енді қылмыстық кодекстің 109-1 бабымен тергеуге жатқызылады.

Жауапкершілік тек физикалық зорлық-зомбылық үшін ғана емес, ата-ананың баланың көзінше жасаған ерсі әрекеттері үшін де қарастырылған.

Заңға сәйкес, балалардың көзінше темекі тарту немесе ішімдік ішу ата-ананың өз міндеттерін орындамауы болып есептеледі. Мұндай әрекеттер әкiмшiлiк құқық бұзушылық кодексінің «кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау» бабы жауапкершілікке әкеледі.

Аталған құқықбұзушылықтар үшін:

— Бірінші рет – 10 АЕК көлемінде айыппұл.

— Бір жыл ішінде екінші рет – 15 АЕК айыппұл немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу.

— Егер бала үлкендердің бастамасымен ішімдік іше бастаған болса – 20 АЕК айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамау сияқты шаралар қарастырылған.

Осылайша, заң ата-аналарға жауапкершілік жүктей отырып, олардың балалардың көзінше әрекет ету еркіндігін шектейді.

Заңгерлер 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын, ал олардың құқықбұзушылықтары үшін айыппұлды ата-аналары төлейтінін негізге алады. Сондықтан мемлекет ересектерден балалардың мінез-құлқын да, өз әдеттерін де өздері қадағалап, қауіпсіз әрі салауатты тәрбие ортасын қалыптастыруды талап етеді.

Дереккөз: Stan.kz

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

16 қараша 2026
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

16 қараша 2026
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.