Талдықорған: +20°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстанда медицина қызметкерлерін қорғайтын заң қабылданды

17.12.2025
КҮНДЕРЕК
Қазақстанда медицина қызметкерлерін қорғайтын заң қабылданды

biocheckmed

WhatsAppTelegramFacebook

Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда қазақстандық медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған Қылмыстық кодекске енгізілетін түзетулерді қабылдады. Кодекске дәрігерлерге, фельдшерлерге және жедел жәрдем жүргізушілеріне шабуыл жасағаны үшін жазаны қатаңдататын жаңа 380-3-бап енгізіледі. 

Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, жаңа бапта зорлық-зомбылық пен қорқыту ұғымдары нақты ажыратылған. Олардың әрқайсысы үшін жеке жауапкершілік көзделген.

Бұл ретте қорқыту үшін көзделген жаза айтарлықтай жеңілдетілді. Бастапқы ұсыныстармен салыстырғанда қоғамдық жұмыстардың көлемі 600 сағаттан 300 сағатқа дейін қысқартылды, айыппұл мөлшері азайтылды, ал бас бостандығын шектеу немесе айыру мерзімі 3 жылдан 2 жылға дейін төмендетілді.

Депутаттың айтуынша, күш қолданғаны үшін белгіленген жаза өзгеріссіз қалған.

«Біз білімі мен кәсіби дағдысынан басқа қаруы жоқ дәрігерді қорғауға міндеттіміз. Бұл заң жобасының мәні тек дәрігердің жеке басын қорғау емес, тұтас халықтың денсаулығын қорғау. Дәрігерге шабуыл тек ұрланған уақыт немесе ем емес, бұл адам өмірін ұрлау»,  -деді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, бұзақының кесірінен хирургтің қолы сынса, 1000 операция жасалмай қалады. Ал жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылса, тұтас бір бригада шұғыл шақыртуға жете алмайды.

Заң жобасында медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде күш қолданғаны үшін әртүрлі жауапкершілік шаралары көзделген.

Егер ұрып-соғу өмір мен денсаулыққа қауіп төндірмесе немесе зорлық-зомбылық қаупі болса:

— айыппұл;
— не түзеу жұмыстары;
— не 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар;
— не 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру.

Егер ауырлататын мән-жайлар болса (екі немесе одан да көп адамға шабуыл жасау, топпен, қайталап жасау, төтенше жағдай, жаппай тәртіпсіздік, төтенше немесе антитеррорлық операция режимі кезінде):

—    3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу;
—    немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Заң жобасының алғашқы нұсқасында ең төменгі жаза мынадай болған:

500–1000 АЕК (2025 жылы 1,9-3,9 млн теңге) мөлшерінде айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу, не 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Егер ұрып-соғу өмір мен денсаулыққа қауіпті болса, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Ауырлататын мән-жайлар кезінде 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Заң жобасын Мәжілісте талқылау барысында барлық депутаттар бірдей қолдаған жоқ. Кейбірі ұсынылған жаза тым қатаң деп есептеді. Осыдан кейін бірқатар шара жеңілдетілді.

Заң Мәжілісте қабылданып, енді Сенатқа жолданды.

Қатысты жаңалықтар

Энергетикалық тұрақтылық: Қазақстанның бес жылу орталығы «қызыл» аймақтан шықты

Энергетикалық тұрақтылық: Қазақстанның бес жылу орталығы «қызыл» аймақтан шықты

05.05.2026
Жетісуда адам өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты

Жетісуда адам өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты

05.05.2026
«Даму» қоры шағын қалалар мен ауылдарда ШОБ-ты қолдау үшін мобильді фронт-офистерді іске қосады

«Даму» қоры шағын қалалар мен ауылдарда ШОБ-ты қолдау үшін мобильді фронт-офистерді іске қосады

05.05.2026
Шәкірт шамшырағы

Шәкірт шамшырағы

05.05.2026
3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

05.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.