«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Қазақстандағы шағын және орта бизнеске арналған жаңа бірыңғай цифрлық экожүйе – BusinessGO іске қосылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Жаңа платформа кәсіпкерлерге сауда, тауарлық есеп, қойма, онлайн-касса, маркетинг және өзге де бизнес-процестерді бір жүйе арқылы басқаруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда кәсіпкерлер қызмет барысында әртүрлі жеткізушілердің бірнеше бағдарламасын қатар пайдаланып келеді. Соның салдарынан бірнеше жеке кабинетте жұмыс істеуге, әртүрлі техникалық қолдау қызметтеріне жүгінуге және жүйелерді өзара біріктіруге қосымша уақыт пен қаражат жұмсауға мәжбүр.
BusinessGO осы мәселелерді шешуге бағытталған. Платформа бизнесті жүргізуге қажетті негізгі сервистерді бір экожүйеге біріктіріп, басқару процесін жеңілдетеді, шығындарды азайтады және бірыңғай техникалық қолдау қызметін ұсынады.
Экожүйе құрамына мынадай цифрлық шешімдер кіреді:
- ФДО – фискалдық деректер операторының қызметі;
- GreenKassa – онлайн-касса жүйесі;
- GreenMag – тауарлық есеп пен қойманы басқару жүйесі;
- Amian Business – сатылымды арттыруға арналған маркетингтік платформа;
- GreenScan – акциздік маркалар мен тауарлардың таңбалануын тексеру сервисі;
- «Салық төлеуші паспорты» – QR-код арқылы бизнес туралы ақпаратты тексеру құралы;
- Tax Free – шетелдік сатып алушыларға қосылған құн салығын (ҚҚС) қайтаруды рәсімдеу сервисі;
- Findex – базарлар мен сауда орталықтарындағы сауда қызметін мониторингтеуге арналған аналитикалық жүйе.
Платформаға қосылған кәсіпкерлер сатылым көлемін арттырып, орташа чекті ұлғайтуға, көптеген процесті автоматтандыруға және бизнесті кез келген уақытта, кез келген құрылғы арқылы бақылауға мүмкіндік алады.
Жоба тек кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, елдегі сауда саласының ашықтығын арттыруды да көздейді. Сандық шешімдерді енгізу көлеңкелі экономиканы қысқартуға, заңсыз тауар айналымымен күресті күшейтуге және тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге мүмкіндік береді.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, жаңа экожүйе кәсіпкерлер үшін қолжетімді заманауи цифрлық инфрақұрылым қалыптастырып, Қазақстанның барлық өңіріндегі шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді. Сонымен қатар, Палата бөлшек сауда саласы бойынша нақты аналитикалық деректерге қол жеткізіп, кәсіпкерлердің негізгі серіктесі ретіндегі рөлін күшейтуді жоспарлап отыр.
BusinessGO платформасы туралы толық ақпаратпен «Атамекен» ҰКП-ның ресми сайтында танысуға болады. Ал жүйеге businessgo.kz порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) бірнеше минут ішінде тіркелуге мүмкіндік бар.
Қосымша ақпаратты 1432 байланыс орталығы арқылы алуға болады.





