Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстанда театр және концерт билеттері қымбаттайды

Қазақстанда театр, мұражайлар және басқа да мәдени ойын-сауық билеттері қымбаттайды. Мәдениет және ақпарат министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялады.

5 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Қазақстанда театр және концерт билеттері қымбаттайды
WhatsAppTelegramFacebook

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылым Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, тарифтерге түзету енгізу “тұрақты жұмысты қолдау және қызмет көрсету сапасын арттыру” мақсатында қолға алынған.

Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдерінің мәлімдеуінше, республикалық театрлар, мұражайлар, мұражай-қорықтар, концерттік ұйымдар, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдары өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасына өзгерістер енгізіледі.

“Атап айтқанда, бұйрықта республикалық театрлар мен концерттік ұйымдардың театрландырылған қойылымдары мен концерттеріне, республикалық мұражайлардың көрме залдарына бағалар белгіленді. Бұйрық 2020 жылы қабылданғанын ескере отырып, қазір бағаны түзету мүмкіндігі қарастырылуда. Баға өсімі іс-шара түріне және билет санатына байланысты болады”, – делінген министрліктің желілік басылымға берген жауабында.

Ведомство өкілдері халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін баға қолжетімді болып қалатынын атап өтті.

Министрліктегілер баға қаншалықты көтерілетінін нақтыламады. Өзгерістер тиісті нормативтік құқықтық акт бекітілгеннен кейін күшіне енеді.

Мәдениет министрлігі дерегінше, 2020 жылы бұйрық қабылданғаннан бері мәдениет ұйымдарында қызмет көрсету бағасы жаңартылмаған.

«Өсім пайдалану шығындарының жалпы өсіміне, жабдықты жаңартуға, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және мәдени іс-шараларды көрермендер үшін тартымды етуге байланысты болып отыр», – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Министрлік өкілдері Қазақстанда кейінгі 5 жылда коммуналдық қызметтер мен электр қуатының бағасы, машиналарды, механизмдер мен жабдықтарды жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге кететін шығындар өскенін, декорацияларды сақтауға арналған қоймаларды жалға алу құны екі есе, көлік қызметтеріне, кеңсе тауарларына шығындар 10 пайыз өскенін атап өтті.

Қаражат іс-шаралар бағдарламасын кеңейтуге, қызмет көрсету сапасын арттыруға, декорацияларды, костюмдерді жаңартуға және басқа мақсаттарға жұмсалмақ.

 

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.