Еліміздің қалаларында интернетке бірыңғай әрі қауіпсіз қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұлттық Wi-Fi операторы құрылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.
Жоба аясында әлеуметтік маңызы бар нысандарда желіні орналастыру көзделіп отыр. Атап айтқанда, Wi-Fi шекара бекеттерінде, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, сондай-ақ мектептер мен медициналық мекемелерде қолжетімді болады.
Алғашқы кезеңде жоба 10 қалада 400 нүктені қамтиды. 2026 жылға қарай Wi-Fi желісін 10 мың нүктеге дейін, ал 2027 жылға қарай 20 мың нүктеге дейін кеңейту жоспарланған.





