Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстандық арнайы жасақ Дубайда рекорд орнатты

10 ақпан 2026
КҮНДЕРЕК
Қазақстандық арнайы жасақ Дубайда рекорд орнатты
WhatsAppTelegramFacebook

Дубайда өтіп жатқан беделді UAE SWAT Challenge халықаралық сайысының үшінші күні қазақстандық бөлімшелер үшін нағыз жеңіс салтанатына айналды. Отандық командалар «Офицерді құтқару» кезеңінде жоғары кәсібилік танытып, үздік үштікті түгелдей иеленді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Бұл кезеңде «Kazakhstan А» командасы ерекше табандылық көрсетті. Олар белгіленген тапсырманы небәрі 02:00 минут ішінде орындап, турнир тарихында рекордтық көрсеткіш орнатты. Бұл нәтиже оларды жалпы кестеде көшбасшылар қатарына шығарды. Күміс жүлде «Kazakhstan В» құрамасына бұйырса, үшінші орынды «Kazakhstan C» иеленді. Осылайша, әлемнің ең таңдаулы арнайы бөлімшелері жиналған додада Қазақстанның көк байрағы қатар желбіреді.

Сайысқа қатысып жатқан өзге де командаларымыздың қарқыны қуантады. «Kazakhstan D» тобы 19-орынға тұрақтаса, олардан кейінгі сатыда «Tomiris» қыздар командасы келеді. Әйелдерден құралған бұл бөлімше өздерінің бұрынғы үздік көрсеткішін қайталап қана қоймай, көптеген ерлер командасын шаң қаптырып кетті. Бұл – қазақстандық әйел қызметкерлердің дайындық деңгейі халықаралық стандарттарға толық сай келетінінің дәлелі.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша «Kazakhstan С» командасы турнир кестесінде сенімді түрде бірінші орында тұр. Олардың ізін ала «Kazakhstan А» командасы екінші сатыға жайғасты. 48 елден келген 109 мықты ұжымның ішінде осындай нәтиже көрсету – отандық құқық қорғау органдары мен арнайы жасақтың жауынгерлік қабілетінің жоғары екенін аңғартады.

UAE SWAT Challenge – бұл жай ғана жарыс емес, бұл тактикалық шеберлік, төзімділік пен жылдамдықты сынайтын әлемдік деңгейдегі емтихан. Мұндағы жеңіс елдің қауіпсіздік саласындағы беделін арттырып, халықаралық әріптестікті нығайтуға жол ашады.

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Бүгін, 15:25
Жетісу облысына — 3 жыл: шамамен 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, кезекте тұрған 5735 адам үйлі болды

Он айда 14,9 млн шаршы метр тұрғын үй салынды

Бүгін, 14:52
Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін, 14:01
Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Бүгін, 13:30
Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Бүгін, 13:06

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.