Ұлттық статистика бюросы өкілдері Қазақстандағы жалақы бойынша осы жылдың бірінші тоқсанына арналған деректерді ұсынды.
“2024 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі ақпарат және байланыс – 31,3%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 17,3%, өнер, ойын-сауық және демалыс – 16,1% салаларында байқалды. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 6,2%, білім беруде орташа айлық жалақы көлемі 6,1% өсті”, – делінген Ұлттық статистика бюросы хабарламасында.
Өңірлік бөліністе 2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Ұлытау облысында –19,4%, Қостанай облысында – 14,6%, Алматы қаласында – 14,2% және Павлодар облысында 13,5% тіркелген.
Айта кетсек, жалақаның медианалық мәнін есептегенде барлық жұмысшыларды екі тең топқа бөледі. Сонда жартысы сол сомадан аз, қалғаны одан көптеу алады. Ал ең жоғары және ең төмен жалақылар ескерілмейді.
Ал жалақының орташа мөлшерін шығарғанда әрбір қызметкердің жалақысынан бөлек қосымша ақылары, үстемеақылары, сыйақылары, салықтары мен зейнетақы аударымдары есепке алынады. Сосын қызметкерлердің нақты санына бөлінеді.
Дереккөз: Stan.kz