Бүгін еліміздің бірқатар облыстарында қолайсыз ауа райы болады. «Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, республиканың 16 өңірінде тұман, көктайғақ, боран мен желдің күшеюі байқалады, деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Тұман түсетін өңірлер:
Астана, Көкшетау, Талдықорған, Алматы, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда, Жамбыл және басқа аймақтар.
Көктайғақ болуы ықтимал облыстар:
Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Ақмола облысында түнде және күндіз боран соғып, қар жауады.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында, сондай-ақ Алакөл ойысында желдің күші 15-20 м/с шамасында болады.
Өскеменде екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайлар туралы ескерту әлі де күшінде. Қалада ауа сапасының нашарлау қаупі сақталып отыр.
Синоптиктер тұрғындарды жолда абай болуға, ауа райының өзгеруіне байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.





