Талдықорған: +20°C
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қорғансызға қол салғандар

23.12.2025
КҮНДЕРЕК
Қорғансызға қол салғандар

gocb.by/ru

WhatsAppTelegramFacebook

«Қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар» деп қазақ қалай дәл тауып айтқан?! Асылында, бабаларымыздың мұнысы адамзат баласының азғынға айналып, азып-тозуын шамалағаны шығар. Кешегі текті қазақтың тұқымы бүгіндері туғанынан теріс айналып, тексізденіп бара жатқанын бағамдағаны болар. Одан бөлек, осы қазекең тағы «көресіңді көрмей көрге кірмейсің» дейді. Мұнысы тіпті рас. Көретінді бәріміз көріп келеміз. «Не көріп келеміз?» дейсіз ғой. Ендеше, өз ағайынынан айнып ат-құйрығын кесіскен айналадағы адамдарға қараңыз. Ең сорақысы, қаршадай ғана қыздарды қорлаған қанішер көбейгенін көріңіз. Ең қорқыныштысы, осының бәріне етіміз үйреніп кеткенін қосыңыз.

Жалт еткен жаман жаңалықтарды естіп жүрегіміз шайлығып қалғаны жалған емес. Қай кезде болмасын, еліміздің түкпір-түкпірінде азғындардың шыққаны, онымен қоймай олардың күннен күнге көбейіп келе жатқаны көңілге кірбің ұялатады.

Әлеуметтік желіні ашып қалсақ: «Педофил 5 жасар қызды зорлады», «7 жасар қызды қорлап, өлтіріп кеткен», «45 жастағы ер азамат бастауыш сынып оқушысына сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық көрсетті», «Туған ағасы бірнеше жылдан бері зорлап келген», «Өгей әкесінен жүкті қыз» деген секілді көптеген аты жаман ақпаратқа куә боламыз. Өкініштісі, өгей қызын былай қойып, өз әкесі туған қызымен қосылған жағдайлар да орын алуда. Жайшылықта жылқы мінезді қазақпыз дегенде бәледейміз, сол жылқы екеш жылқы да өз енесіне шауып, өз төліне артылмағанынан сабақ алмағанымыз ба? Міне, осыдан-ақ адамзаттың ақыры басталып келе жатқанын байқау қиынға соқпайды.

Педофилдердің баратын жері темір тор болғанымен олардан қорлық көріп, жапа шеккен қаракөз қарындастарымыздың келешегі қандай болмақ?! Әлбетте, зорлықтың көкесін көрген балауса қыздар психологиясында ақауы бар, болашағы бұлыңғыр, өз-өзіне сенімсіз, көлеңкесінен үріккен, бәрінен көңілі қалған, ешкімге сенбейтін болып бойжетпей ме?! Ал әлгі «балаларға махаббаты» оянатын Құдай атқырлар темір торға барып, бірнеше жылдан кейін (егер өмірбойына бас бостандығынан айырылмаған болса) қамаудан қайта шығады. Десе де, елімізде әлі де педофилия дерті ушығып тұр. Бітпейтін бала зорлағыштар қайдан шығып жатыр?! Бұған тоқтам қоятын біреу бар ма?! Қазақ қоғамының аспанын торлаған осы бір қара бұлттан қашан құтылар екенбіз?..

Қарапайым ғана отбасында орын алған ұрыс-керістің өзі бүлдіршіндердің жүйке жүйесіне көптеген зақым келтіріп, залалы мен зиянын тигізеді. Үйден жылу таппаған қызғалдақтар әркімнің жылы сөзіне ергіш, алдағанына сенгіш келеді. Осыны пайдалана білетін «азғындар» айлакерлігімен кішкентайларды алдап, ойына келгенін істейді. Осындайда немістің философы Людвиг Витгенштейннің: «Бала ересектерге сенгендіктен барып көп нəрсе үйренеді, көп нәрседен зардап шегеді» дегені еске түседі.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

«Талқы» құрал ма, құндылық па?

«Талқы» құрал ма, құндылық па?

21.06.2026
Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

21.06.2026
Жас қылқалам шеберлері жемқорлыққа қарсы үн қатты

Жас қылқалам шеберлері жемқорлыққа қарсы үн қатты

21.06.2026
ЖИ мен МИ

ЖИ мен МИ

21.06.2026
Аида Балаева қазақстандықтарды Әкелер күнімен құттықтады

Аида Балаева қазақстандықтарды Әкелер күнімен құттықтады

21.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.