Талдықорған: +15°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Құрылысшы қолтаңбасы

30.12.2025
КҮНДЕРЕК
Құрылысшы қолтаңбасы
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының орта шенінде жобасы жасалып, құрылысы басталған Панфилов ауданындағы Головацкий қалашығының сәулеткерлік үлгісінде мін жоқ. Өйткені бұл қалашықтың бас жобасы сол кездегі бүкіл әлемді аузына қаратқан, өз дамуының биік шыңына көтерілген Кеңестер Одағының шағын елді мекендерді қаламен теңестіру бағытындағы озық жобасының бірі болатын. Ол: «Тәуелсіз Қазақстанның болашақта ауылдары қандай кейіпте болады?» деген сауалға қазіргі келбетімен жауап беріп тұр.

Қазір Жаркент қаласының құрамына өткен жердегі жұмақтай осы қалашықты кім салды? Көпшілік арасындағы бұл сауалдың жауабы біржақты. Ауыл шаруашылық өндірісінің майталман ұйымдастырушысы, екі мәрте Еңбек Ері Николай Головацкий салғызған деп қысқа қайырамыз. Ортасынан озып, басқарған шаруашылығын байлыққа кенелткен дала өндірісінің данагөйі қаржы бөліп, қала типті ауыл салғызғанына ешкімнің дауы жоқ. Десек те тастақтан басқа түк жоқ тақырға салынған осынау сәулеті көркем ауыл құрылысын бастан-аяқ атқарған құрылысшылардың еңбегі елеусіз қалмағаны абзал. Олардың көпшілігі әлі ортамызда жүр.

Әсем қалашық салынып, ел қоныстанғанына жарты ғасырға жуық уақыт өтсе де оның құрылысын атқарған сол кездегі Панфилов құрылыс тресіне қарасты №17-ші жылжымалы механикаландырылған колонна құрылысшылары екенін екінің бірі білмейді. Осы құрылыс ұйымын құрып, 2002 жылға дейін басқарып, таратқан, бүгінде 90 жасқа толып отырған ақсақал, Панфилов ауданының Құрметті азаматы Тұрсын Семятовтың Жаркент өңіріндегі айтулы қолтаңбалары аз емес.

Тұрсын Испатуллаұлы 1936 жылы қаңтар айының 8-ші жұлдызында Жаркент қаласына қарасты іргелес Нағарашы ауылында (қазіргі Жерұйық) бастауыш мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Еті тірі, зерек өскен бозбала Жаркент қаласындағы Молотов атындағы қазақ орта мектебін жақсы оқып тамамдаған соң 3 жыл әскер қатарында қызмет етті. Одан кейін Шымкенттегі химия-технология институтының құрылыс факультетін ойдағыдай бітірді. 1967 жылы туған жерге оралды.

Ол кезде Жаркент өңірінде жоғары білімді құрылыс инженерлері аз болатын. Аупартком жас маманды аудандағы ең мықты шаруашылықтардың бірі Калинин атындағы ұжымшарға құрылыс саласының бас инженері қызметіне жібереді. Аталған шаруашылықта 6 жыл еңбек етіп, жоғары оқу орнында алған білімін тәжірибемен толықтырды. Осы жылдарда шаруашылыққа қарасты Пенжім (қазіргі Атамекен), Қорғас, Ават, Төменгі Пенжім (қазіргі Ынтымақ) ауылдарындағы соғыстан кейінгі сүреңсіз күрке іспетті тоқалтамдар жаңа типті еңселі шатырлы үйлермен алмастырылды. Құрылысшылар саны 120-ға жетіп, ауылдарда балабақша, мектеп, кеңсе, дүкен сияқты әлеуметтік нысандармен бірге малшы үйлері мен қоралары жаңартылып, ықтиятты құрылысшы қолтаңбалары көрген көзді сүйсіндірді.

Жаркент өңірінде, ауылдарда көпқабатты үйлер, жаңа типті мектептер салуға баса көңіл аударылды. Сол себепті биік ғимараттар салатын мамандандырылған құрылыс кәсіпорны қажет болды. Сөйтіп, Көктал ауылында №17-ші жылжымалы механикаландырылған колонна құрылып, бұл ұжымды басқару Тұрсын Семятовке жүктеледі.

Құрылыс ұжымының Көктал ауылында құрылуының тарихи мәні де бар еді. Өйткені 1975 жылы күзде Қазақстан Республикасының сол кездегі бірінші басшысы Дінмұхамед Қонаев «Жаркент-Арасан» санаторийінде демалып, қайтар сәтінде Көктал ауылының тұрғындары мен мектеп оқушылары алдынан шығып, жаңа мектеп салуға көмектесуін сұраған. Сол мектепті жаңа құрылған №17 ЖМК құрылысшылары сапалы етіп атқарып, Көктал ауылы тұрғындарының алғысына бөленді.

Тұрсын Семятов басқарған осы колонна құрылысшылары одан кейін Қоңырөлең, Үшарал, Ақжазық, Әулиеағаш, Еңбекші, Жаркент қалаларында мектеп салып, ауданда жалпы көпқабатты 9 мектепті бастан-аяқ атқарып, пайдалануға берді. Бұл ғимараттар ондаған жыл өтсе де кенеуі кетпей, сапалы қалпында жас ұрпаққа білім нұрын шашып тұр. Бұдан басқа, Басши ауылындағы екіқабатты әкімшілік ғимаратын, Жаркент қаласындағы Мемлекеттік банк үйін, Калинин атындағы ұжымдық шаруашылықта тұрмыстық қызмет көрсету комбинатын, мал бордақылау кешенін, гараж салды. Ұлы Жеңістің 50 жылдық тойының қарсаңында Жаркент қаласындағы балалар паркін және осы саябақтағы «Батырлар» аллеясының құрылысын атқарды.

Кеңес кезеңінде 3 мектеп салған құрылыс колоннасының басшысы Еңбек Ері атағын алған екен. Аудан аумағында тоғыз мектеп пен ғажайып қалашық тұрғызған Тұрсын Семятов ақсақал құрылыс ұйымын басқарып жүргенде бірде-бір рет орден, медаль алмапты. Алғашында «Жастар» қалашығы деп салынып, кейіннен Головацкий есімі берілген ауыл құрылысының алғашқы бөлігі біткенде Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылыпты. Алайда діттеген жерге жеткенше тізімнен түсіп қалыпты. Өзінің қол астында құрылысшы болып жұмыс істеген Махмут Османов «Қазақстанға еңбегі сіңген құрылысшы» атағын алып, Тұрсынахмет Пахирдинов «Құрмет белгісі», Махамет Ниязов Еңбек Қызыл Ту орденін кеудесіне тақса, Аблахат Мамаев, Надежда Емельянова да ордендермен марапатталған.

Аудандағы қоғамдық тамақтандыру бөлімін ұзақ жылдар басқарған 3 баласының анасы Урият апамыздың 3 ордені барын айтып Тұрсын Семятов күледі. «Орден, медаль алмадым деп өкінбеймін, еңбегімді ел біледі, мен салған мектеп деп замандастарым айтса марқайып қаламын», – дейді абыз ақсақал. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Тұрсын Семятовтың сіңірген еңбегі бағаланып, «Қазақстанның Құрметті құрылысшысы», «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Еңбек ардагері», «Ұлы Отан соғысы жеңісінің 50 жылдығы» Жеңістің 60, 65, 75 жылдығы, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» мерекелік медальдармен марапатталыпты. Қазір Жаркент қаласындағы Б. Назым атындағы және Еңбекші орта мектептеріне «Құрылысын Тұрсын Семятов салған» деген ескерткіш тақталар ілінген.

Тұрсын Испатуллаұлы мен Урият апамыз айрандай ұйыған отбасының атасы мен апасы. Олар бір ұл, екі қыз өмірге әкеліп, бәрін оқытып, жоғары білім алуына жағдай жасады. Қазір балалары мен немерелері өңірде әр салада жемісті еңбек етеді.

– Тұрсын акамен өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан Жаркент қаласында көрші тұрдық, екеуміз де жауапты қызметтер атқарғандықтан әртүрлі мәселелерге байланысты жиі жолығып тұратынбыз, – дейді замандасы Ақжол Юсупов.

Әңгімемізді Тұрсын Семятов басқарған №17 ЖМК құрылысшылары салған Головацкий қалашығынан бастаған соң осы бір ерекше елді мекен жайында тағы бір дерекке тоқтала кетейік. Тұрсын Испатуллаұлының айтуынша, бас жоба бойынша бұл қалашық үш бөлімнен тұрады екен. Алайда сол жобаның бірінші бөлігі ғана жасалып, қалған бөліктері салынбапты. Ал инфрақұрылымы қалашықтың толық жобасына негізделіп жасалыпты. Қазір инвесторлардың көмегімен қалашық көркіне көрік қосып, жасарып келеді. Болашақта оның салынбай қалған жобалары қайта қолға алынса кәрі Жаркенттің іргесінен әсем жас аудан бой көтерері сөзсіз.

Мырзағали Нұрсейіт
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.