Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әрбір науқасқа көңіл бөлу қажет

22 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Әрбір науқасқа көңіл бөлу қажет
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу жеріне арнайы жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев облыстық көпсалалы балалар ауруханасына барып, ондағы бөлімдердің жұмысымен және еңбек ұжымымен танысты. Мұнда жылына облыстың шалғай аудандарынан келетін мыңдаған бала ем алады. 

Астаналық қонаққа аурухананың жұмысын таныстырған директор Қайрат Оспанғалиев 10 жыл бұрын салынған емханаға күрделі жөндеу қажеттігін ескертіп, жаңарту, жаңғырту жұмыстарына ұсыныс беріп қойғандарын жеткізді. Соған орай Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қолдау керек.

Облыстық балалар ауруханасының ұжымына көмек берілетінін, ол үшін жобаны мемлекеттік бағдарламаға қосу қажеттігін, сол арқылы кішкентай пациенттерге лайықты жағдай жасалатынын атап өткен Тимур Сұлтанғазиев одан соң Кербұлақ аудандық орталық ауруханасының жұмысымен танысу үшін жолға шықты.

2023 жылы пайдалануға берілген емхана 75 орынды және күніне 250 адамды қабылдай алады. Құны 3 миллиард теңгеден астам қаржыға бағаланған жобаны «AK Construction Company» компаниясы ел игілігіне ұсынған. Хирургиялық, терапиялық, акушерлік, педиатрия, заманауи УЗИ орнатылған диагностика бөлімдері жұмыс істейтін аурухана сандық рентгенмен, зертханалармен, телемедициналық бағдарламамен, оттегімен қамтамасыз ету жүйесімен және заманауи жансақтау құрылғыларымен қамтылған. Медициналық мекеменің жұмысымен танысқан Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары кабинеттерді, стационар мен диагностикалық орталықты аралап, дәрігерлермен және науқастармен әңгімелесті. Жиын соңында орталық аурухананың жұмысына оң баға беріп, медициналық көмек пен техникалық қамсыздандыруға жаңаша көзқарас қажеттігін атап өтті.

Тимур Сұлтанғазиевпен кездесу кезінде «ми ісігі» диагнозы қойылған баланың анасы, Сарыөзек кентінің тұрғыны Гүлмира Жаңатаева өз ісіне немқұрайды қарайтын медицина қызметкерлерінің ісіне реніш білдірді.

– Біз тексеруден өтіп жатқанбыз, бірақ үйімізге қайтару жиілеп кетті. Ешқандай нақты себеп жоқ. Соның кесірінен ұлымның жағдайы нашарлап барады, – деген тұрғынның ренішін бірден назарға алған вице-министр:

– Бұл мәселені мен жеке бақылауыма аламын. Мұндай қарым-қатынас жақсы емес. Бала деген біздің жауапкершілігімізде. Соған орай әрбір науқасқа сапалы әрі адами тұрғыдан көмек көрсетуіміз керек, – деп аудандық орталық аурухананың директоры Қанат Әбдірахмановқа мекемеде қызметтік тексеру жүргізуді, мамандарға түсіндірме жұмыстарын өткізуді тапсырып, денсаулық сақтау саласына деген сенімсіздікті сейілтуді сөзбен емес, іспен көрсету керектігін ескертті.

Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиевтің іссапары Жетісу өңірінің маңыздылығынан хабар берсе керек.

М. Әсетұлы
Фото: gkb-31.ru

 

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.