Жетісу облысында 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын жоғарғы өкілетті органын сайлауға дайындық жұмыстары басталды.
Сайлауға 11 аумақтық және 468 учаскелік сайлау комиссиялары қатысады, оның ішінде 428-і азаматтардың тіркелген жері бойынша, 40-ы қолжетімділігі шектеулі учаске (жабық), оның ішінде: 21-і әскери бөлім, 10-ы УҰИ, 8-і стационарлық емдеу-профилактикалық мекемесінде, 1-еуі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында (қарттар үйі). Науқанда 2989 адам жұмыс істейді. оның ішінде: 77-сі аумақтық комиссияларда, 2912-сі учаскелік комиссияларда.
Тәртіп бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің өзге де қатысушылары үшін практикалық кейстерді қоса отырып, оқыту семинарлары өтеді.
2026 жылғы шілдедегі жағдай бойынша аймақтағы сайлаушылар саны 441 941 адамды құрайды (2026 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 1156 адамға көбейді). Сайлаушылар тізімінде өзін тексеру бойынша Call-орталықтар мен Telegram-бот қосылды. Облыс әкімдігінің сайтында әрбір сайлаушының ЖСН-ін теріп, сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын білу мүмкіндігі қарастырылған.
184 учаскеде азаматтарды тіркеуді тексеру бойынша онлайн-сервис, 5 учаскеде азаматтарды тіркеу бойынша сервис жұмыс істейді. Дауыс беруге арналған барлық үй-жай мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін барынша қолжетімділікпен қамтамасыз етіледі. Дауыс беруге арналған үй-жайларда: 419 учаскеде пандустар, 49 ТМ пандустарға қажеттілік жоқ (оның ішінде 40 учаскеде қолжетімділігі шектеулі), көру қабілеті бойынша мүгедектер жинақы тұратын орындарында – 413 тактильді көрсеткіштер, 428 учаскеде тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған, оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланатын сайлаушылардың қолжетімділігін ескере отырып, жасырын дауыс беруге арналған кабиналар көзделген.
Жетісу облысының тұрғындарына Қазақстан азаматтары тиісті сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша дауыс беретінін еске саламыз.
Сайлаушы өзінің болатын жерін ауыстырған кезде дауыс беру күніне он бес күн қалғанда немесе 2026 жылғы 7 тамыздан бастап учаскелiк сайлау комиссиясына өз өтініші бойынша және жекебасын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін ала алады. Есептен шығару куәліктерін беру дауыс беру күнінен бір күн бұрын, яғни 2026 жылғы 22 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де тоқтатылады. Есептен шығару куәлігін сенімхат бойынша алуға рұқсат етіледі. Сенімхатты нотариатта куәландыру талап етілмейді. Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және оның телнұсқасы берілмейді. Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді. Уақытша тұратын жері бойынша сайлау учаскесінде дауыс беру кезінде учаскелік сайлау комиссиясы сайлау күні сайлаушыны жекебасын куәландыратын құжаттың негізінде сайлаушылар тізіміне енгізіп, есептен шығару куәлігінің орнына дауыс беруге арналған бюллетень береді.
Жаңару үшін дауыс бер!
Тимур Даутов,
облыстық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы





