Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы «Самұрық-Энерго» АҚ тобына қатысты ауқымды тексеру жүргізіп, соңғы 10 жылда 199 миллиард теңге көлемінде тиімсіз шығынды анықтады.
Аудит материалдарына сәйкес, компания осы аралықта небәрі 4 жаңа жобаны іске асырған. Бұл 2024 жылы бекітілген даму стратегиясына сай алдағы 10 жылға жоспарланған 25 жобаның орындалуына күмән тудырып отыр.
Негізгі тиімсіз жобалар:
-
Балқаш ЖЭО құрылысы – 102 миллиард теңге;
-
Екібастұз ГРЭС-2 станциясының №3 энергоблогы – 61,2 миллиард теңге.
Сонымен қатар, тексеру барысында жалпы 66 миллион теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды. Бұдан бөлек:
-
бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 9,5 миллиард теңге;
-
қаражат пен активтерді тиімсіз пайдалану – 104,7 миллиард теңге.
Барлығы 72 рәсімдік және 35 жүйелі заңбұзушылық тіркелген.