Талдықорған: -1°C
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

САПАЛЫ ШҰЖЫҚ ШЫҒАРЫЛАДЫ

17.04.2025
КҮНДЕРЕК
САПАЛЫ ШҰЖЫҚ ШЫҒАРЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ескелді ауылшаруашылығына негізделген аудан. Мұндағы ағайын егін егіп, төрт түлікті өріске жусатып, нәпақа тауып жүр. Соңғы жылдары өндірілген өнімді өңдеп, тұтынушыға дайын тауар ұсыну жүйеленіп келеді. 

Сондай оңтайлы бастаманың бірі – «Жетісу шұжықтары». Атауы мен атағы алысқа шапқан өнім Бақтыбай ауылында шығады. Бірі біліп, бірі білмес, «Ким» жеке кәсіпкерлігі өңір халқынан бөлек ел аумағына 50-ден астам дайын өнім ұсынып келеді.

Бүгінде бұл кәсіпорын бірнеше бағытта дайын тауар шығаруды қолға алған. Көпшіліктің сұранысына орай шұжықтың қайнатылған, жартылай қақталған және шикі ысталған түрін дайындайды. Талайдың дастарқанынан табылатын ет өнімдерінің де түр-түрін шығарады. Мерекенің мезіретіне айналған қақталған және сүрленген еттің де неше атасы бар. Айтпақшы, «Ким» кәсіпорыны қазы да айналдырады. Үй жағдайындағы ұлттық тағамнан еш кемі жоқ.

Бүгінде цех құс, сиыр, жылқы  етін өңдейді. Бірақ, бәрі бір ғимарат ішінде емес, әр етке арналған бөлімдерде өңделеді. Өндіріс орны шикізаттың сапасына мән береді. Шикізаттың және дәмдеуіштердің сапалы болуы дайын өнімге тікелей әсерін тигізеді. Қазір цех құс етін сүйегінен айырып, асхана иесіне дайын ет күйінде ұсынып жүр. Оның өңделуіне де аса мән беріледі. Құс филесі вакуумдық сығымдау арқылы қапталады. Осылайша құс еті сатып алушыға жеткенше бұзылмайды. Цех тұтынушыға құнарсыз тауар ұсынбас үшін қанаттылардың етін кез келген жерден алмайды. Құсты өсіру және тамақтандыру жағдайларын жіті бақылаумен «Аlel» және «Аққұс» компанияларынан сатып алады. Ал, мал еті де осындай қатаң бақылаумен жергілікті фермерлерден жеткізіледі. 

Кәсіпорын жетекшісі Алексей Цойдың айтуынша, тамақ өндірісінде санитарлық нормаларды және дайын өнімді сақтау аса маңызды. Өнімді даярлауда температуралық нормалар жіті назарда ұсталады.

– Біз өнімнің қауіпсіздігіне ерекше назар аударамыз. Шикізатты қабылдаудан бастап дайын өнімді буып-түюге дейінгі барлық үдеріс санитарлық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Вакуумдық қаптама сақтау мерзімін ұзартуға ғана емес, сонымен қатар консерванттарды қоспай еттің табиғи дәмін сақтауға мүмкіндік береді, – дейді.

«Ким» цехында өндірілген өнім тек Ескелді ауданы көлемінде емес, Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қаласына сатылуда. Өнім өндіруші алдағы уақытта өндіріс ауқымын кеңейтіп, жаңа технологиялардың көмегімен тауар түрін молайтып, қазіргі сауда нарығын одан ары ұлғайтуды көздейді.
 

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Аграрлық саланың түйткілдері талқыланды

Аграрлық саланың түйткілдері талқыланды

13.02.2026
Менің өлкем – құқықтық тәртіп аумағы

Менің өлкем – құқықтық тәртіп аумағы

13.02.2026
Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады

Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады

13.02.2026
Инвесторлармен кездесті

Инвесторлармен кездесті

13.02.2026
Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады

Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады

13.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.