Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сұңқар еді шөлдегі

17 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Сұңқар еді шөлдегі
WhatsAppTelegramFacebook

Д. Рақышев атындағы облыстық филармонияның сахнасында қазақ әдебиеті мен музыка өнерінің ірі тұлғасы, ақын, әнші-сазгер Пышан Жәлмендеұлының 140 жылдығына арналған І Республикалық «Сұңқар едім шөлдегі, сұлтан едім елдегі» атты дәстүрлі әншілер байқауы өтті. 

Ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан өнер иесінің шығармашылығын дәріптеуге арналған бұл байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен, атап айтқанда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қостанай облыстарынан, Астана қаласы мен Жетісу өңірінің әр ауданынан талантты 21 өнерпаз қатысты. 

Байқаудың басты мақсаты – Пышан Жәлмендеұлының мол мұрасын кеңінен насихаттау, дәстүрлі ән өнерінің көкжиегін кеңейту, жас орындаушылардың кәсіби біліктіліктерін арттыру және шығармашылық байланыс орнату.

Байқау аясында қазылар алқасының төрағасы, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін қарымды қаламгер иесінің әдебиет пен өнердегі орны жайына кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде:

– Пышан Жәлмендеұлы – елдік пен ерліктің, өнер мен руханияттың символы. Оның әндерінде халықтың мұңы мен үміті, жүрек үні жатыр. Мұндай байқаулар жас буынға рух береді, ұлттық өнеріміздің өміршеңдігін дәлелдейді, – деді.

Халықтың жүрегінде қалған өнер саңлағының мұрасын жаңғырту –  ата-дәстүрдің айнасы. Ән өнерін ұлықтаған осындай игі шара ұлт руханиятының ұстыны, ұлылықтың биік шоқтығын таныту. Қазақтың кең даласында тербеліп туған дәстүрлі ән – қазақтың жан дүниесін, болмысын жеткізетін құдіретті мұра. Руханият иесінің өмірі мен өнері – өшпес шежіре. Ол халық жүрегінен орын алған, әлі де талай буынның шөлдегенде ішетін кәусар бұлағы. 
Байқауға қатысушы Байдос Серікбайұлы:

– Осындай үлкен деңгейдегі байқауға қатысу мен үшін зор мәртебе. Пышан Жәлмендеұлы сынды ұлы тұлғаның әндерін орындау жауапкершілігі мол іс. Оның туындылары тек ән емес, тұтас бір дәуірдің шежіресі. Осы байқау арқылы біз өнерімізді көрсетіп қана қоймай, бабалар аманатын жалғап келеміз. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, бұл байқау мен секілді жас өнерпаздарға үлкен шабыт береді, – деп өз толғанысын жеткізді. 

Сайыс қорытындысы бойынша арнайы жүлде 50 мың теңге, III орын 200 мың теңгемен, II орын 300 мың теңгемен, I орын 400 мың теңгемен, ал бас жүлде алған Талдықорған қаласының тұрғыны Нұрәлі Есхат  дипломмен және 500 мың теңгемен марапатталды. 

Пышан Жәлмендеұлының 140 жылдығына арналған бұл байқау арқылы ұлттық руханияттың мәйегі саналатын дәстүрлі ән өнері кеңінен насихатталып, жас таланттарға жаңа серпін берілді. Ел ішінен жиналған дарынды орындаушылардың қатысуы байқаудың маңызын арттыра түсті. Осындай игі шаралар арқылы халқымыздың өнері ұлықталып, өшпес мұрасы болашақ ұрпаққа аманат етіледі.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

 

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.