Талдықорған: +14°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

САРҚАН АУДАНЫНДА АУЫЛҒА ӘКІМ БОЛАМ ДЕГЕН ТОҒЫЗ КАНДИДАТ БАР

25 шілде 2021
КҮНДЕРЕК
САРҚАН АУДАНЫНДА АУЫЛҒА ӘКІМ БОЛАМ ДЕГЕН ТОҒЫЗ КАНДИДАТ БАР
WhatsAppTelegramFacebook

Сарқан ауданында үш ауылдық округте ауыл әкімін сайлау өтуде. Бұл туралы «Жетісу» газеті Сарқан ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Сайлауға үш округтен жастары 25 пен 50 жас аралығындағы 9 кандидат қатысты. Сынға түсіп жатқан барлық кандидаттар осы күнге дейін ауыл-аймақты аралап, жалпы округті дамытуға арналған бағдарламалырын тұрғындарға таныстырған.

Бүгінгі сайлауға ең алғашқылардың бірі болып, жасы 70-ті алқымдаған Гүлсия Сембекқызы келсе, артынша 18 жастағы Перизат Төлеген де тысқары қалмай өз дауысын берді.

«Мен ең алғашқы рет сайлауға қатысуым. Әрине, мен үшін бұл сайлау орны ерекше. Неге десеңіз, біз дауыс беріп, жеңіске жеткен жаңа ауыл әкімі ел сенімін ақтап, ауылымызды одан әрі дамытып, халқының қамын жейтін басшы болса онда, менің сайлауда жасаған дұрыс таңдауым деп білемін. Бүгінігі сайлау мен үшін тарихи күн», — деді Перизат Төлеген.

Жалпы, Аманбөктер ауылдық округінде 265 сайлаушы тіркелген. Ауылдық округ әкіміне 3 кандидат сынға түсуде. Солардың бірі — Шырынгүл Нұрханова. Шырынгүл Батайқызы мемлекеттік қызметте 20 жылға жуық табысты еңбек етіп жүрген білікті маман.

«Мен осы ауылдың мәселесін жақсы білемін. 20 жылдай ауыл әкімдігінде жұмыс істеп келемін. Егер әкім ретінде тағайындалатын болсам, ең алдымен интернет, жол мәселесін қолға алып, туризм саласына мән бермекпін. Ауылдың әлеуетін көтеруге өз үлесімді қоса аламын деп ойлаймын», — деді Шырынгүл Батайқызы.

Айта кетейік, бүгінгі өткен сайлауға 3 округ, 6 елді-мекеннен 3 мыңға жуық сайлаушылар өз дауыстарын бермек.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

Бүгін, 13:15
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

Бүгін, 12:36
Тіл – ұлттың  қазынасы

Тіл – ұлттың қазынасы

Бүгін, 11:11
«Тарихи тұлғалар» тізімі ұсыныстан шешімге дейін

«Тарихи тұлғалар» тізімі ұсыныстан шешімге дейін

Бүгін, 10:33
«Оңай ақша» оңдырмас

«Оңай ақша» оңдырмас

Бүгін, 09:06

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.