Талдықорған: +4°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖҮР: ҚОҒАЛЫДАҒЫ ОҢ ІСТЕР

6 мамыр 2021
КҮНДЕРЕК
СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖҮР: ҚОҒАЛЫДАҒЫ ОҢ ІСТЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Шалғайдағы ел-жұрттың тыныс-тіршілігі басты назарда. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Сұлтан Дүйсембінов пен Нұрлан Қылышбаев Кербұлақ ауданының шұрайлы өлкесі Қоғалыға жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулыларын Қоғалының әкімі Асқар Баяділов қарсы алды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Мақсат – картоп, астық өсірушілердің әлеуметтік жағдайымен танысу. Елді мекенде ілгерінді істер көп. Халық қалаулылары алдымен күрделі құрылыс жүріп жатқан Мәдениет үйіне барды. Мәдениет үйінің директоры Әділхан Әділжанның айтуынша, мұнда 9 үйірме бар. Онда домбыра, ән-би, әжелер ансамблі, хор үйірмесі жұмыс істейді. Сондай-ақ, мекеме ішінде кітапхана, коворкинг орталығы, оқу залы жабдықталған.

Бүгінде Мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Жоба құны – 379 млн. 565 мың теңге. Мердігер компания «Авторемстрой Лтд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Депутат Сұлтан Дүйсембінов мердігер компанияның директоры Айбек Жаныбековтен жұмысшылардың саны, жалақысы, жағдайы жайлы сұрады. Мұнда барлығы 35 адам еңбек етуде. Жұмысшылардың ас-суы компания есебінен төленеді.

Халық қалаулылары одан кейін «Жастар» саябағына табан тіреді. Мұнда өткен жылы ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіліп, 100 ағаш отырғызылды. Енді 50 мәдени өсімдік өсіру ойда бар. Паркте соғыс ардагерлеріне арналған еңселі ескерткіш орнатылған. Ол жерге өңірден соғысқа аттанған майдангерлердің тізімі жазылған. Саябақ пен құрылыс алаңын аралаған Нұрлан Қылышбаев көгалдандыру жұмыстарындағы біраз кемшілікті көрсетіп, саябаққа осы жерге жерсінетін көшеттер отырғызу жайлы айтты. 

Депутаттар келесіде екі ауысыммен жұмыс істейтін Панфилов атындағы орта мектепке барды. Білім шаңырағында 400-ден аса оқушы оқиды. Мектеп директоры Серік Қожахановтың сөзінше, аралас білім ордасында 52 ұстаз дәріс береді. Мұнда 23 оқу кабинеті, бір робототехника кабинеті бар. Мектеп басшысы депутаттардан білім ордасының жанынан шағын футбол алаңын ашуға көмек берулерін сұрады. Депутаттар бұл мәселені ескеретінін айтты. 

Қоғалыға арнайы барған халық қалаулылары құрылыстың сапалы жүргізілуін, мұғалімдердің коронавирус індетіне қарсы вакцина алуын назарда ұстауды тапсырды.

Гүлжан ТҰРСЫН

Кербұлақ ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Дамудың стратегиялық негізі

Дамудың стратегиялық негізі

1 қараша 2026
Кел ,балалар, оқылық

Кел ,балалар, оқылық

1 қараша 2026
Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

1 қараша 2026
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

1 қараша 2026
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

1 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.