Талдықорған: +24°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ҮШ НӘРСЕНІ ТҮСІНДІМ»: БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАРҒА АЛҒЫС АЙТТЫ

9 желтоқсан 2019
КҮНДЕРЕК
"ҮШ НӘРСЕНІ ТҮСІНДІМ": БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАРҒА АЛҒЫС АЙТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін, яғни, 9 желтоқсан — белгілі тележурналист, Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры Бейсен ҚҰРАНБЕКТІҢ туған күні. Осыған орай әлеуметтік желіде бірге түскен фотоларын салып, ақ тілектерін ақтарысқан ағайында есеп жоқ. «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламалары арқылы талайдың алғысын арқалаған журналист туған күнімен құттықтап, тілек жазғандарға «Facebook» парақшасы арқылы рахмет айтып, арнайы пост жазды.

«Білу — бөлек , түсіну — басқа. Жыл басынан бергі ішкі арпалысқа толы күндерімде, ұйқысыз түндерімде үш нәрсені тереңірек түсіндім, — деп жазады Бейсен Құранбек әлеуметтік желі арқылы. — Бірінші, ұстазым жиі айтатын «бұл өмірде ақшадан да, биліктен де құдіретті дүние бар. Ол — ниеттің, тілектің, батаның күші» деген сөздің рас екенін. Екінші, халқымыздың «басты байлық — денсаулық» деп бір ауыз сөзбен айта салған даналығына бас идім. Ұйқы тыныш, тәбетің жақсы боп, ертеңгісін еш жерің ауырмай оянудың өзі жарты бақыт екенін ұқтым. Үшіншіден, бабаларымыз қалдырған «Байлық — қолға ұстаған мұз, Бақыт — басқа қонған құс, Бала — артта қалар із, бұл өмірдің қызығы — Сіз бен Біз» деген сөзінің тұтас өмірлік философия екенін, өмірдің мәні де, сәні де сыйластықта екенін әр клеткаммен сезіндім.

Менің ешқандай «заслугам» жоқ туған күнімде ақжарма тілегін ақтарған баршаңызға мың қайтара алғыс айта отырып, бір-біріміздің тілеуімізді тілеп, денсаулықтың қадірін біліп, бір-бірімізді шын көңілмен құрметтей білейікші дегім келеді. Бар болыңыздар!!!»

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05
Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Бүгін, 13:00
Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Бүгін, 12:55
Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

Бүгін, 12:28
Ұстаз сөзі неге салмақсызданды?

Бала тілі бал болмай тұр

Бүгін, 11:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.