Талдықорған: +11°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Шалқысын шаңырақ шуағы

14 мамыр 2026
КҮНДЕРЕК
Шалқысын шаңырақ шуағы
WhatsAppTelegramFacebook

Адам өміріндегі ең қастерлі мекен – туған үйдің табалдырығы. Сол табалдырықтан аттаған сәттен жүрек мейірімнің жылуын сезініп, жан дүниеге жақсылықтың алғашқы сәулесі құйылады. Бала сол ортада өмірдің мәнін ұғынады, үлкеннің өнегесін көріп, ізгіліктің дәнін көкірегіне сіңіреді. Адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бастау бұлағы да құтты ұядан тарайды.

Қазақ халқы ежелден шаңырақтың қасиетін ерекше қастерлеген. «Отан – отбасынан басталады» деген ұлағатты сөздің төркіні де осы түсініктен тамыр тартады. Бір үйдің берекесі мен бірлігі тұтас елдің баянды болашағына ықпал етеді. Себебі, әрбір тату тірлік пен жарасымды қарым-қатынас қоғам тынысының кеңеюіне ашылған жол екені айқын.

Әкенің парасаты мен ананың мейірімі ұрпаққа бағыт беретін қос шамшырақ секілді. Бірі биікке жетелесе, бірі жүрекке жылу сыйлайды. Сол тәліммен өскен ұл мен қыз бойына кішіпейілділік, еңбекқорлық, жанашырлық, үлкенге құрмет, кішіге ізет сынды қасиеттерді дарытады. Осындай құндылықтар ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, рухани сабақтастықтың алтын арқауына айналады.

Қазіргі алмағайып заманда ұлттық болмысты сақтап, ізгі дәстүрді жалғау айрықша маңызды. Тіршіліктің қарқыны үдеген сайын адам жанына тыныштық пен сүйеніш сыйлайтын мекеннің қадірі арта түсуде. Жақындардың жан жылуы мен шынайы ықыласы кез келген жанға күш беріп, өмірге сенім ұялатады.

Мерейлі күннің мәні де осында. Ол әр жанды жақындарының қадірін тереңірек сезінуге, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіні қамқорлыққа бөлеуге үндейді. Ағайынның арасы ажырамай, дастарқанның берекесі тасып, төрден шат күлкі үзілмеген отбасының шырағы қашанда биік.
Береке қонған үйдің босағасы берік болады. Мейірім мен татулық салтанат құрған жерде бақ та баянды. Әр шаңырақтан шаттықтың нұры төгіліп, жүректерге жылылық ұяласа, елдің де еңсесі асқақтай түсері анық. Өмірдің шынайы бақыты да дәл осы құндылықтардың қадірін ұғына білуде.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.