«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2025 жылғы 14 қараша, жұма күніне арналған ауа райы болжамын жариялады.
Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің солтүстік бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр мен қар жауады. Кей аймақтарда қатты дауыл мен боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін.
Ал оңтүстік өңірлерде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз, ашық күн райы сақталады.
«Қазақстанның солтүстігі мен шығысында бұрқасын, ал солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде көктайғақ байқалады», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Сонымен қатар елдің бірнеше аймағында жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.





