Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА — 25 ЖЫЛ! САРБАЗ ТӘРТІБІНЕ КІМ ЖАУАПТЫ?

21.04.2022
КҮНДЕРЕК
ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА - 25 ЖЫЛ! САРБАЗ ТӘРТІБІНЕ КІМ ЖАУАПТЫ?

Биыл 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне қарасты әскери полицияның құрылғанына 25 жыл толады. Әскери қызметкерлер арасында орын алуы мүмкін құқықбұзушылық пен заңбұзушылықты болдырмау бағытында тынымсыз жұмыс істейтін әскери полиция жайлы шындықты көпшілік біле бермейді. Осыған орай Талдықорған гарнизонына қарасты әскери полиция бөліміне басшылық жасаған полковник Нұрәділ ЖАНАҚБАВҚА жолығып, құрылым алғаш құрылған жылдардағы жұмыс жайын сұрап білдік.

Қарағанды облысындағы Балқаш қаласында 1950 жылы дүниеге келген Нұрәділ Мұхамедзәріпұлының ата-анасы 1961 жылы Талдықорған қаласына көшіп келеді. 8-сыныпты қаладағы интернатта бітірген кейіпкеріміз 10-сыныпты Үштөбедегі №16-шы аралас мектепте аяқтап, өмір жолына қадам басады. 1968 жылы Алматыдағы денешынықтыру институтына оқуға түседі. Жоғары оқу орнын бітіріп, 1972 жылы әскерге алынады. Ол кезде әскерге бару баршаға міндет. Осылайша Қарағандыдағы арнайы батальонға түскен Нұрәділ Жанақбаев әскерден соң Талдықорғандағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне жаттықтырушы болып жұмысқа орналасады. Ұстаздықты мақсат еткен жас жігіттің бойындағы қарым-қабілетті байқаған тәртіп сақшылары өз қатарына қосып, 1974 жылы милицияға қызметке алады. Содан бір салада табан аудармай 23 жыл еңбек еткен кейіпкеріміз 1997 жылы құрылған әскери полиция бөліміне шақырылады.

Еліміздің құқық қорғау органдарының жүйесін жетілдіру, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, Қарулы Күштерде құқық тәртібін қамтамасыз ету, әскери қылмыстарды анықтауды жүзеге асыру мақсатында 1997 жылы 22 сәуірде ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен құрылған әскери полицияның Талдықорған гарнизонындағы бөліміне 1998 жылы қаңтарда бұйрықпен тағайындалған Нұрәділ Жанақбаев ауыртпалығы басым болған тоқсаныншы жылдардың қиындығын біркісідей көреді. Себебі, жаңадан құрылған органның жұмысын жеделдете жүргізіп кету оңай емес еді. Тіршіліктің басты тірегі саналатын электр жарығы жиі өшетін кезеңде қылмыс өршіп, әскерге алынған жастардың қызметін өтеуден қашуы жиі орын алып жататын. Оның үстіне мамандардың жетіспеушілігі әскери полицияның жұмысына тежеу болды. Сол үшін қалалық полиция басқармасын жағалап, қажетті мамандарды іздестірді.

Сол күндердің ауыртпалығын Нұрәділ Мұхамедзәріпұлы былай еске алады:

– Бірде маған бастығым: «Бұл Қарулы Күштерге қарайтын орган. Сондықтан әскери бөлімдерді түртпектей беруді тоқтат! Әскери полиция жазалау үшін емес, әскерилердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу үшін құрылған», – деп ескерткені әлі күнге есімде. Шындығында қоғамдық тәртіпті қадағалайтын полициядан келген мамандарға әскери полицияның негізгі міндетін білу керек еді. Оның үстіне әскери полицияның құрылуына жастардың әскерден қашуы басты себеп болды. КСРО құлап, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған тұста әскерге алынғандардың көпшілігі әскери бөлімді тастап шығып, өз елдеріне қашып жатты. Сол жылдары, ұмытпасам, 1 мың 500 жауынгер дезертир ретінде жарияланғандықтан соларды іздестіру шараларын жүргіздік. Оның үстіне бізге мүлік жөніндегі мемлекеттік комиссия берген Әскери полиция орналасқан ғимараттың жанындағы тұрақтарды қосып алудың жұмысы қабаттасып тұрды. Мемлекеттік комиссияға хат жазып, автотұрақтарға әупірімдеп қол жеткіздік. Одан бөлек, гауптвахта салуға қаражатымыз жоқ болатын. Жалғыз біз ғана емес, сол тұста барлық салада қаржы жетіспейтін. Ақыры әскери полиция бөліміне қарайтын жауынгерлердің күшімен гауптвахта салып алдық. Себебі, ұсталған әскерилерді ұстайтын орын керек еді. Қала тұрғындарының қолдауымен, демеушілігімен салынған сол гауптвахта әлі тұр.

Міне, содан бері 25 жыл өтіпті. Осы уақыт ішінде арнайы әскери орган қалыптасу мен дамудың жаңа кезеңінен өтіп, ұйымдастыру, құжаттандыру бойынша үлкен жұмыс атқарды. Сол тұста әскери полиция бөлімінің штатында 71 адам жұмыс істеп, қалыптасу кезеңінің ауыртпалығын басынан өткеріпті. Солардың 23-і қатардағы жауынгер, олар негізінен көшеде бейсауат жүрген әскерилерді тексеру жұмыстарын жүргізетін. Әскери полиция қызметкерлері сол тұста көптеген қызықты жайтқа кезіккені анық. Солардың бірінде әскерден қашқан жауынгердің қаланың іргесіндегі Еңбек ауылындағы бейітке тығылып жүргені белгілі болады. Соны ұстау кезінде әскери полиция қызметкерлері қорқынышты әрі қызғылықты жағдайды басынан кешіріпті.

Талдықорған гарнизонының әскери полиция бөлімін құруға атсалысқан білікті офицерлердің қатарында әділет аға лейтенанттары Ербол Досыкенов, Асхат Сұлтанов, Ғизат Темірғалиев, әділет лейтенанты Бағлан Ақбаев сынды азаматтардың есімін сағына еске алатын Нұрәділ Мұхамедзәріпұлы 2013 жылы зейнеткерлікке шығады.

Еліміздің қоғамдық-саяси дамуына қай кезде де назар тігіп отыратын толыстағы полковник өзінен кейін әскери полиция бөлімін басқарған әріптестеріне ақыл-кеңес беруден танған емес.

Атап айтқанда, әр жылы полковник Серік Ақтымбаев, полковник Болат Қаракүшіков, подполковник Дархан Пірназаров, әділет полковнигі Тілеухан Басхожаев, подполковник Бекен Шынтілеуов, подполковник Жандос Мамырбаев, Қайрат Жүнісбеков, Алмас Жақсыбаев басқарған Талдықорған гарнизонына қарасты әскери полиция бөліміне бүгінде подполковник Ерлан Оспанов басшылық етуде.

Солардың әрқайсымен жақсы қарым-қатынас орнатып, өзінен кейінгі әріптестеріне қолдау көрсетіп отыратын Нұрәділ Мұхамедзәріпұлының 6 немересі, 1 шөбересі бар. Ұрпағының амандығын тілеген қарт полковниктің естелігі осылай.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025
Кәсіпкерлікті  қолдау ілгерілеу жолы

Кәсіпкерлікті қолдау ілгерілеу жолы

24.06.2025
Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

24.06.2025
Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

24.06.2025
Ауыл ардақтылары

Ауыл ардақтылары

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.