Талдықорған: +43°C
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

СОҢҒЫ РЕТ ҚАШАН ХАТ ЖАЗДЫҢЫЗ? ҚҰРМЕТТІ ПОШТАШЫМЕН ӘҢГІМЕ

04.10.2021
КҮНДЕРЕК
СОҢҒЫ РЕТ ҚАШАН ХАТ ЖАЗДЫҢЫЗ? ҚҰРМЕТТІ ПОШТАШЫМЕН ӘҢГІМЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған Әлия Тастанованың «Қазпоштада» жұмыс істеп жүргеніне – 35 жыл! Бүгінде Кеген ауылындағы құрметті пошташы. Орташа есеппен алғанда ол күніне жеті шақырым жол жүреді. Бүгінде өзіне жүктелген учаскеде 9 ұйым және 500 тұрғын үй мен 10 көше бар.

Кейіпкеріміз бұл іске ойда жоқта келгенін айтады. Ол 1979 жылы Райымбек ауданы, Кеген ауылындағы Жаңабаев атындағы орта мектепті тәмамдап, есептік кредиттік техникумға оқуға түсіп, «банк ісі» мамандығы бойынша білім алды. Диплом алғаннан кейін бес жыл банк саласында қызмет істеді.

– Банк қызметкері болып жүргенімде ауыл пошташысы Күләш апа маған «Қазпоштаға» жұмысқа орналасу туралы ұсынысын айтты. Ол кезде ол кісі зейнетке шығуға дайындалып, өз учаскесін жауапты адамға тапсырмақшы еді. Мен бұл ұсынысқа уақытша ғана келіскен едім, бірақ кейін қарасам, ондаған жылдың қалай өткенін аңғармай қалыппын, – дейді кейіпкеріміз.

Әр адамның алғысын алу – жұмысты үстемелеп істеуге итермелейтін керемет сезім. Бұл – Әлия Бекмұратқызының күнделікті жұмысы. Өзінің айтуынша, әр газет-журналды, хат-хабарды жеткізгенде, тұрғындар алғысын айтып, қариясы бар үйден әңгіме тыңдап, әжесі бар үйден ақыл естіп шығады. Әр тұрғынға қуаныш сыйлау арқылы өзі де жан рақатына бөленеді. Қызметтегі қиындықты сұрағанымызда, әр істің жеңілі болмайтындығын, әркім өзіне ұнаған іспен айналысатынын айта келіп, өз ісіне махаббатпен қарағаннан болар, қиындықтың өзі қызыққа ұласып кететіндігін жеткізді. Пошташыны ауыл тұрғындарының бәрі біледі.

Бүгінде заман ағымы басқа арнаға бұрылды, бүгін керек деп тұрғаныңыз ертең көштен қалуы мүмкін. Зымыраған уақытта пошташы болудың да өз ерекшелігі бар. Бұл жөнінде Әлия Бекмұратқызы: «Поштаның өзі және оның инфрақұрылымы толықтай цифрландырылды. Пошташыларға смартфон мен велосипед береді. Қала мен аудан орталықтарында сәлемдемелер супермаркеті бар. Барлық бөліше, соның ішінде, ауылдық жерлерде бүгінде толықтай компьютерге көшті», – дейді. Қоғам қалай дамыса, соған орай қызметтің де мүмкіндіктерін, тетігін тауып отырған пошташылардың ісін ерлік деп қарау керек-ақ.

Біздің кейіпкер пошташылардың біліктілігін арттыру үшін өтетін оқудан тыс қалған емес. Өзі де: «Оқу курсы барлық жаңа жобаларды, бағдарламаларды және қызметтерді қамтиды. Пошташының білім деңгейі қазіргі заманғы талаптарға сай болуы керек. Сондықтан біз үнемі жаңа нәрселерді үйренеміз және ол маған ұнайды», – деп айтады.

Бүгінде мерзімдік басылымдарға жазылу науқаны бұрынғымен салыстырғанда төмендеді деген пікір бар. Алайда пошташы өзі тұратын ауылдағы жағдайдың керісінше болып жатқанын айтады.

– Мәселен, 2000 жылдары басылымдарға жазылу күрт төмендеп кетсе, қазір керсінше. Әсіресе, бүгінде балалар басылымына жазылатындар көбейді. Оны қалтафоннан баланы алыс ұстауға тырысатын ата-аналар жаздыртып алады. Түрлі-түсті газет-журналдардан балалар сурет салғанды, қағаздан небір бейнелерді кескенді ұнатады, ал компьютердегі ойындар мұндай мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, іскерлік хат-хабарлар саны да азайған жоқ. Біз тапсырыс хаттарын жеткіземіз. Сот орындаушылары, салық қызметі, зейнетақы қоры көптеген хаттарды жібереді. Хаттардың жазылуы азайып кетті деген ұғым дұрыс емес, тек олардың жеткізу құралы өзгерді, – дейді. Сөз арасында жеке хаттар да жиі жазылатындығын жеткізді. Мысалға, әскерден қыздарға, зейнеткерлер мен студенттер арасындағы, сондай-ақ, бір-бірін мерекемен құттықтаған алыстағы ағайындардың хаттары жиі поштаға келіп тұратындығын айтты.

Жылдың төрт мезгілінде дамылсыз хат-хабар, газет-журнал тарататын жандардың жалақысы жөнінде сұрағанымызда:

– Бір орында адам тұрақты жұмыс істесе, демек, оған жалақысы өзінің күнделікті қажеттілігіне жететіндігін және ұжымның ұйымшылдығын, жақсы екенін білдіреді. Мәселен, дәл қазір бізде бос жұмыс орны жоқ, – деп жауап қайырды.

Барлық жұмыс жақсы нәтиже беру үшін міндетті түрде кәсібіңді жақсы көруің керек. «Ал жақсы пошташы болу үшін адамдармен тез тіл табыса білу,  шыдамдылық пен төзімділік, жанашырлық пен мейірімділік сынды қасиеттер де талап етіледі», – дейді мықты маман.

Айна СМАҒҰЛОВА,

«Қазпошта» АҚ Алматы облыстық филиалы сату бөлімінің бас маманы

Қатысты жаңалықтар

Скрининг арқылы 114 мыңнан астам ауру ерте анықталды

Скрининг арқылы 114 мыңнан астам ауру ерте анықталды

17.07.2026
Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» атты фестиваль өтеді

Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» атты фестиваль өтеді

17.07.2026
Қаратал ауданындағы экологиялық рейд

Қаратал ауданындағы экологиялық рейд

17.07.2026
«Семей орманындағы» өрт: қазіргі уақытта не белгілі?

«Семей орманындағы» өрт: қазіргі уақытта не белгілі?

17.07.2026
Елімізде 42 градусқа дейін ыстық болады

47 градусқа дейін ыстық: «Қазгидромет» 15 өңірге ескерту жариялады

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.