Талдықорған: +17°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

СОҒЫСТАН КӨЗ АШПАҒАН АУҒАНСТАН БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ДАМУҒА БЕТ БҰРДЫ

20.02.2022
КҮНДЕРЕК
СОҒЫСТАН КӨЗ АШПАҒАН АУҒАНСТАН БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ДАМУҒА БЕТ БҰРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ақпан айының 15-де Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 33 жыл толды. Бұл күнді коммунизм орнатамыз деп лепірген кеңестік идеологияның өз жерін қорғаған пуштундардан жеңілген күні деуге болады. Содан кейін таулы аймақтың тыныштығын күзетуді желеу еткен Америка әскері 30 жыл бойы басқыншылық саясатын жүргізді.

Әрине, әлемдегі әрбір мемлекет өз бетінше өмір сүріп, халқының дүниетанымымен тіршілік кешуге құқылы. Алайда өз пікірін тықпалап, келісімсіз жерде кеңес құруды қалайтын басқыншылардың әскери жаттығу өткізетін алаң іздейтіні осы күні белгілі болды.

Ұзақ жыл бойы сондай сынақ алаңына айналған Ауғанстан таулы, қырлы жер болғанымен алтын мен асыл тастарға бай. Қазақтың әйгілі қолбасшысы деп атауға тұрарлық тұлғаның бірі – ел ішінде «Қара майор» атанып кеткен Борис Керімбаев бір естелігінде Пандшер шатқалы туралы айтады. Тегі тәжік Ахмад Шах Масуд иелік еткен шатқалдың қару мен есірткі тасымалына ыңғайлы жол болуы талайдың көз құртына айналған. Бірнеше ай бойы шатқалдан қыбырлаған тышқан өткізбеген Қара майордың басына 5 миллион доллар тіккен Ахмад Шах ақырында қазақ баласымен келісімге келіп, аймақта тыныштық орнауына ықпал етеді.

Бүгінгі күні бұл әлдебіреулерге ертегідей естілуі мүмкін. Алайда Керімбаевтың басына бәйге жариялаған Масуд 2001 жылы қастандықтан көз жұмды. Бұл «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» деген қазақы тәмсілдің айқын дәлелі дер едім.

Кеңес әскерінің шығарылуы әлемге соғыстан жеңілмейтін ауған деген елдің барлығын танытты. Содан бері басқыншылығын демократиялық қадаммен бүркемелеген АҚШ тек қарумен ғана емес, идеологиялық тәсілмен де шабуылдауын тоқтатпады. Ұзақ жыл бойы қаржы мен қаруды аямай беріп, мұздай қаруланған әскер жіберіп отырды. Мұхиттың арғы бетінде туып-өскен талай жауынгер Ауғанстан жерінде жан қиды. Оны ескерген Ақ үй болмады. Ақырында Бен Ладен атты лаңкесті желеу етіп, бейбіт жатқан байтақ елдің тыныштығын алғаны күні кеше болғандай.

Уақытқа тоқтам жоқ. Зырлаған секунд, сықылдаған сағат толассыз тәулікке ұласып, айлар зулап, жылдар сырғыды. Былтыр құдай оңдап АҚШ Ауғанстаннан кететінін айтқанда әлем жұртшылығы: «Енді қалай болар екен?» деген күдікшіл ойдың жетегімен талай болжам жасады. Тағы да жеңілмейтін жауынгер елдің сипатын көрсеткен халық туралы айтылған сөздердің ішінде: «Ауғанстан соғыссыз күн көре алмайды» дегенге саятын пікір айтушылар да табылды. Қалай болғанда да тау сағалап күн көрген мемлекеттің дамудың жаңа жолына түсуіне құқығы бар еді.

Мұхаммед Наджибулла, Хамид Карзай, Ашраф Ғани сынды билеушілердің тұсында америкалық әскерилердің шабуылына тойтарыс беріп, азаттығы үшін кескілескен ұрысқа кіргендердің көпшілігін «Талибан» қозғалысы құрады. Былтыр тамыз айының ортасында әскері мен техникасын әкеткен АҚШ ұшағына отыруды көздеп, биіктен құлап өлген жандардың бейнетүсірілімі әлем жұртшылығының жағасын ұстатты. Себебі, тәліптердің билікке келуінен қорыққан халық еріксіз босқыншылыққа тап болды. Солардың қатарында мұхит асқан қазақтардың барлығын әлеуметтік желі арқылы біліп отырдық. Кейіннен олардың біразын Қазақстан Үкіметі елімізге алдырып, көмек қолын созды.

Содан бастап Ауғанстан өзара ынтымақ пен береке-бірлікті бекітуге күш салуда. Баяғы Пандшер арыстаны атанған Шах Масудтың ұлы Ахмад Масуд пен вице-президент Амрулла Салех талибанға қарсылық танытқан болатын. Алайда одан нәтиже аз. Қазір Ауғанстанды уақытша үкімет басқарып отыр. Оның өз министрлері бар. Мысалы, жақында АҚШ Президенті Джо Байден Ауғанстан орталық банкіне тиесілі жеті миллиард долларды бұғаттап, тау халқының несібесін қыспақ болды.

Осы әрекетті «Талибан» қозғалысы «ұрлық» деп санайтындарын жеткізген еді. Алайда көп ұзамай өздерінің әлемдік өркениеттен тыс қалмайтындарын мойындап, елден кеткен ұстаздар қауымын қайта оралту саясатын жариялаған тәліптер бүгінгі күні аймақтағы ең үлкен экономикалық орталыққа айналуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі Амир Хан Мутаки кез келген бейбіт қарым-қатынасты қуана-қуана қолдайтындарын жеткізіп, әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді. Соңғы күндері бұғатталған ақшаның пайдалануға берілгені, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақы ала бастағаны айтылып жатыр.

Міне, осындай тіршіліктің тынысы тау қоршаған Ауған елінің жаңа бағытқа бет бұрып, дамудың келесі сатысына қадам басқанын көрсетеді. Қалай болғанда да соғыстан көз ашпаған мемлекеттің тыныштықты, бейбітшілікті, ынтымақ пен келісімді бекіту үшін жасаған жүрісін байқау қиын емес. Тек сырттан кіріп, іштен ірітетін, мамыражай тірлікті бүлікке айналдыратындардың кесірінен сақтасын!

Бейбітшіліктің бағасын соңғы күндері жақсы біліп, терең ұғынған халқымыз үшін бір аймақты мекендеген ауғандарға игілік тілеуден артық жол жоқ. Өйткені, өзгеге сұраған жақсылық өзіңе еселеп қайтатыны анық.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Конституциялық қағидаттар жария басқарудың стандарты

Конституциялық қағидаттар жария басқарудың стандарты

10.07.2026
Жоба тоқтаған: «Бақтыбай – Балпық би» айналма жолы салына ма?

Жоба тоқтаған: «Бақтыбай – Балпық би» айналма жолы салына ма?

10.07.2026
Жолаушыны жол сынайды

Жолаушыны жол сынайды

10.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Өңірде Құрылтай депутаттарын сайлауға 441 мыңнан астам адам қатысады

10.07.2026
Жаркентте екі жасөспірімді ажалдан арашалап қалды

Жаркентте екі жасөспірімді ажалдан арашалап қалды

10.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.