Қазақстанда студенттердің стипендиясы 2020 жылдан бері екі есе ұлғайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова айтты.
Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, 2020 жылмен салыстырғанда шәкіртақы мөлшері едәуір өскен. 1 қыркүйектен бастап студенттер мына көлемде стипендия алады:
- бакалаврлар – 52 372 теңге,
- педагогикалық мамандық студенттері – 84 000 теңге,
- магистранттар – 117 098 теңге,
- докторанттар – 262 500 теңге.





