Талдықорған: +18°C
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сіз кімсіз, FOMO?

10.06.2024
КҮНДЕРЕК
Сіз кімсіз, FOMO?

Интернет қазіргі таңда күн санап емес, секунд сайын қарыштап дамуда. Ақпарат алмасу, қарым-қатынас орнату, жұмыс іздеу, білім алу мүмкіндігі виртуалды әлемде жиі жүзеге асатын болды. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін өз өмірін әлеуметтік желісіз елестете алмайды.

Иә, жастарды былай қойғанда, ақсақалды атамыз бен ақжаулықты апаларымыз  «трендтен» тартынып қалып  жатқан жоқ. Қазақтың қаһарманы Бауыржан Момышұлы өзінің үш қорқынышында дәл осы заманды меңзеген сыңайлы. Жаһанды жаулаған желіні кінәлаймыз ба, әйтеуір бесік жырын білмейтін келіндердің, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің, салт-дәстүрін сыйламайтын ұрпақтың көбейгені өтірік емес.

Қолы қалт ете қалса, жасы да, кәрісі де телефонға телміре кетеді. Енді мына қызықты қараңыз, Қазақстанда жүргізілген зерттеу бойынша 15 пен 20 жас аралығындағы жастардың 85 пайыздан астамы күн сайын әлеуметтік желіде 3-4 сағатын өткізеді. Бұл жасөспірімдердің психикасы мен дүниетанымы жетілетін маңызды кезең. Ал, осыншама уақытты қызылды-жасылды, пайдал-пайдасыз контентке жұмсау, әлбетте жастардың тұлға ретіндегі дамуын баяулатады.

Енді сізге бір сұрақ қояйын. Интернет бос уақыттың көп бөлігін ала ма, әлде жастар бос уақытын тиімді пайдалана алмай ма? Әлеуметтік желі адамдардың бір-бірімен көзбе-көз қарым-қатынасын азайтып қана қоймай, ғылым-білімге деген қызығушылықты да алмастырды. Ойланатын дүние.      

Шетел ғалымдарының айтуынша, әлеуметтік желіге өте тәуелді адамдар «FOMO» эффектісімен өмір сүреді екен. «FOMO» (ағылшын тілінен Fear Of Missing Out – бір нәрсені жіберіп алудан қорқу немесе пайданы, мүмкіндікті жіберіп алу дегенді білдіреді–ред.) Негізінде, бұл мазасыздықтың бір түрі, бірақ оны әлі күнге дейін ғалымдар синдром немесе ауру деп танымаған. FOMO әсерінде жүретін адамдар қайғы мен өкініш сезімдерін жиі бастан кешіреді дейді мамандар.

Телефонда, оның ішінде әлеуметтік желіде өткізген шамадан тыс уақыт өзін басқалармен үнемі салыстыруға, маңызды нәрсені жіберіп алудан қорқуға және өзіне, өзінің өміріне көңілі толмауына байланысты психиканың, денсаулықтың нашарлауына әкеледі. Интернет кеңістігіндегі уақыт пен зейінді басқара білу маңызды және адамдар осыны үйрену керек, – дейді психотерапевт Сара Коллинз.

2018 жылы психология ғылымдарының докторы Мелисса Хант әріптестерімен бірге әлеуметтік желілердің психикалық денсаулық сапасына әсерін тексеру үшін практикалық тәжірибе ұйымдастырды. Зерттеуге 143 оқушы қатысты: зерттеу барысында жартысы күніне 10 минуттық әлеуметтік желілермен шектелді, екінші топ шектелмеді. 14 күннен кейін бірінші топта жалғыздық сезімі мен депрессиялық көңіл-күй төмендеді. Әрі қарайғы тәжірибелер әлеуметтік желілерде отыру уақытын күніне жарты сағатқа дейін төмендету адамның психикасын түбегейлі жақсартатынын көрсеткен.

Әрине, жақсы жақтарын да жоққа шығармаймыз. Тағы бір зерттеулерге сүйенетін болсақ, қазіргі желі жылдамдығы жастардың жадына керісінше оң әсерін тигізетін көрінеді. Әлеуметтік медианы пайдалану мультитаскинг пен жылдам шешім қабылдауға бейімдейді – мыс. Қарапайым тілмен айтсақ, адамның бір уақытта бірнеше істі орындауға қабілетті.

Ғалымдар интернеттің адам өміріне әсерін әртүрлі бағалай отырып, әлі нақты нәтижеге қол жеткізген жоқ. Платформалар адамдарға қысым жасайды деген пікір бар, бұл әсіресе Instagram сияқты желіде байқалады: ондағы профильдер өмірді имитациялайды, кейбіреулердің көрінетін немесе елестетілген әл-ауқаты басқаларды өз өмірінің жеткіліксіз сапасы туралы ойлауға, салыстыруға және күрделі етуге мәжбүр етеді.

P.S. Әлеуметтік желіге байланған жандардың әсерінен әлемге FOMO термині келді. Алайда, бұл жай термин емес, оған шырмалған жеке тұлғаның өзі секілді. Тіпті, бәрімізді сол басқарардай…Сіз кімсіз, FOMO?

Мақпал Әділханқызы
ЖУ-дың 3-курс студенті
Фото: sharlotke.ru 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда үздік медицина мамандары марапатталды

Талдықорғанда үздік медицина мамандары марапатталды

16.06.2025
Бақыттың кілті өз қолыңда

Бақыттың кілті өз қолыңда

15.06.2025
Қарасаздың Қарлығашы

Қарасаздың Қарлығашы

15.06.2025
«Жетісудың» жүрегі

«Жетісудың» жүрегі

15.06.2025
Малайсары тауларына бүркіт қонды

Малайсары тауларына бүркіт қонды

15.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.