Талдықорған: +21°C
$ 462.22
€ 536.50
₽ 5.43
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚҰТ ҚОНҒАН ҚАРАТАЛДАҒЫ ҮШ ЖЫЛДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛДАРЫ

15.04.2025
КҮНДЕРЕК
ҚҰТ ҚОНҒАН ҚАРАТАЛДАҒЫ ҮШ ЖЫЛДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛДАРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ауыл – қазақтың алтын бесігі, ұлттың тозбас темір қазығы. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған қара шаңырағы. Бірақ сол қара шаңырақтан үдере көшкен адам көп. Мәліметті сөйлетсек, ел халқының саны 20 миллионнан асып жығылса, соның 7 миллионнан астамы ауылда тұрады екен. Мемлекет басшысы тұрғындарға қолайлы жағдай жасауды әр сөзінде нығырлай айтып жүр. Дейтұрғанмен, ауылдағы ағайынның өмір сүруіне қажетті жағдай кемшін емес. Оның озық үлгісін Қаратал ауданынан көзбен көруге болады. Асыра мақтағандық емес. Оған арнайы ұйымдастырылған баспасөз турында қанықтық.

АУЫЛДЫҢ БӘРІ КӘЛПЕДЕЙ БОЛСА… 

Қойнауы құтқа, топырағы тың тарихқа тұнған Қаратал ауданындағы тур Кәлпе ауылынан басталды. Бұл ауыл Жолбарыс батыр ауылдық округінің құрамында. Округте одан өзге 3 ауыл бар. Бір қызығы, Кәлпеде аудан орталығында жоқ Теннис орталығы бой көтеруде. Қате оқымадыңыз, Қаратал ауданында мұнан өзге тенниске арналған ғимарат жоқ. Аталған нысанды қайырымды жан өз қаржысына салуда. Іргесі енді қаланған нысан үстел теннисі мен боксқа арналмақ. Жалпы аумағы 800 шаршы метр болатын ғимаратты «Дизайн строй» серіктестігі салуда. Құрылыс учаскесінің бастығы Ерхан Абдуллин мамыр айының аяғында ауыл тұрғындары ашылу салтанатына қатысатынын алға тартып отыр.

– Бүгінде орталықты тұрғызуға 11 адам және 2 техника жұмылдырылған. Жергілікті тұрғындар да бар арасында. Қазір металл қаңқасын құрастырып жатырмыз. 37 сотық жерде орналасқан нысан ауыл ажарын айшықтай түседі. Бұл ауылдың тұрғындары спортқа етене жақын екен. Оны ауылдағы спорт кешеніне келген тұрғындар санынан аңғарып жүрміз. Бұйырса, біз салып жатқан нысаннан әлемді мойындатқан гүрзі жұдырықты һәм епті спортшылар шығады деп сенеміз, – дейді Е. Абдуллин.

Айтса, айтқандай-ақ, Кәлпедегі спорт кешенінің іші атлеттерге толы. Екінші қабатында балуандар айла-тәсілдерін жүйелеп жатса, үлкен залда оқушылар допты ұршықша иіріп жүр. Спорт кешенінің меңгерушісі Жохар Абдулмуслимов нысанның есігі таңнан қара түнге дейін ашық тұратынын жеткізді.

– Жуырда ғана футзалдан аудандық біріншілікті өткіздік. Енді волейболдан жарыс өткізуге дайындалудамыз. Күндіз жасөспірімдер мен балалар машықтанса, кешке ауыл тұрғындары келеді. Күніге кемі 150 адам спортпен шұғылданады. Бұл бұқаралық спортты дамытуға жасалған тың қолдау, – дейді кешен меңгерушісі.

ТӘЛІМ МЕН ТӘРБИЕ ОШАҒЫ 

2023 жылы пайдалануға берілген Мәдениет үйі Жолбарыс батыр ауылдық округінің ұлттық жаңғыру орталығына айналғандай. Ауылдың «әу» дейтін тұрғындары осында. Себеп те жоқ емес, көктем – мерекелер мерзімі. Халықаралық әйелдер мерекесі мен әз Наурызды өткізген ауыл өнерпаздары Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне дайындалып жатыр. Сахна төрінде «Асыл қазына» әжелер ансамблі құйқылжыған әнді әуелетіп жатыр. Мәдениет үйінің бір бұрышында «Кәлпе саз» ансамблі ұлттық аспаптармен сүйемелдеуде. Нұрдәулет Телқараев жетекшілік ететін ауыл клубында қазір 8 үйірме жұмыс істейді. Оның ең бетке ұстары – «Шежіре тәлім-тәрбие» әжелер мен балалар үйірмесі. Ауылдың 14 ақжаулықтысы бұл жерде балалардың ұлттық рухта өсуіне септесуде. 70 жастағы Күлтай Жексенбайқызы Мәдениет үйі пайдалануға берілгеннен бері шәкірт тәрбиелеп келеді.

– «Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді ғой дана халқымыз. Жаһандану дәуірінде бабалар ұстанған дәстүр мен мәдениетті ұрпақ бойына дәндей егуіміз керек. Қоғамға зер салсақ, шаңырағын шайқалтқан жан көп. Кінә бір тараптан болмайды. Дейтұрғанмен: «Еркек түлкі түз, ұрғашы түлкі ін сақтайды» деген тәмсіл бар. Отбасы жауапкершілігі бұрымдыларымызға жүктеледі. Мұндай қисынсыздыққа қыздардың шыдамсыздығы себеп. Өйткені, қазір аруларымыз кесте тікпейді, ою пішпейді. Кесте тігу шыдамдылыққа үйретеді. Ою пішу, ұршық иіру сабырлылыққа баулиды. Үйірме барысында балаларды ұлттық жадымызды жаңғыртуға үйретеміз, – дейді К. Жексенбайқызы.

200 орынды Мәдениет үйінің басшысы Нұрдәулет Телқараев ауылдың рухани кемелденуіне жағдай жасалғанын алға тартып отыр. Айтуынша, ауыл өнерпаздары тек мерекеде ғана емес, жай күндерде де тұрғындарға көңілді кештерді тарту етеді екен.

КҮРМЕУЛІ ЖОЛ ДА ЖӨНДЕЛДІ  

Қазақстан тәуелсіздігін жария еткеннен бері ауданда бір шымбайға бататын мәселе бар-тын. Талай мінберден көтерілсе де қазылмаған көмбедей мәселе назарға ілікпеді. Не жайындағы жайт екенін Қаратал ауданының жұртшылығы жақсы түсінеді. Бес ай бойы алынбаған Отырардай отыз жыл күрмеуі шешілмеген, тасы қашып, топырағы көріне бастаған Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік бағытындағы тасжолдың жыры тамамдалды. Өйткені бұл жолды жөндеуге бюджеттен 5 млрд. теңгеге жуық қаражат қаралған. Нәтижесінде бұрын 180 шақырымды жүргізушілер мен жолаушылар 4-5 сағатта еңсеретін күрмеулі жолды қазір бар-жоғы 1,5-2 сағатта жүріп өтуде. Мұны біз емес, аудан тұрғыны Қанат Елеусізов сынды көлік жүргізушілері айтып жүр.

– Жолдың сапасыздығынан адам шаршайды. Адамның шаршағаны тыныққанда басылады ғой. Ал, көлігіміз жиі бұзылатын. Әсіресе, көліктің жүріс бөлігін Үштөбеден Көпбірлікке барып келген сайын жөндейтінбіз. Шымбайға батқан мәселені талай мінберден көтердік. Шешімсіз қалып келді. Жетісу облысы бөлінгеннен кейін тіпті, бұл жол қараусыз қалады деп ойладық. Алайда, қазір тақтайдай жолмен екі аралықта қатынап жүрміз. Халыққа керегі де осы: жайлы жол, көлік қатынасының болуы. Алғаусыз алғыстан өзге айтарымыз жоқ, – дейді Қ. Елеусізов.

Үштөбе – Алмалы – Көпбірлік бағытындағы тасжолдың 90,35-142,9 шақырымын «Қазстройцентр» серіктестігі қалыпқа келтіруде. 

ЖАҢА ТЕХНИКА – ТЫҢ МҮМКІНДІК

Ауылшаруашылығын әлеуеттендіретін заманауи техника екенін уақыттың өзі айшықтап отыр. Бұрын бірнеше трактор атқаратын шаруаны қазіргі бір техника жүзеге асырады. Мұны Жолбарыс батыр ауылдық округінде диқаншылығымен танылған Марат Қоржымбаев та айтып жүр. Жуырда ғана бірнеше заманауи трактор мен комбайнға қол жеткізген шаруа қожалығының басшысы бұған көктемгі дала жұмыстарын атқаруда көз жеткізген. Биыл олар 5 техниканы жаңалапты: заманауи трактор, қызылша тұқымын себетін агрегат, тәтті түбір жинайтын комбайн және осы дақылды түптейтін және бірлейтін қондырғы, шөп қаттайтын техника. Жалпы құны 60 млн. теңгеге жуықтайтын техниканың бір бөлігін «Жетісу» ӘКК арқылы, бірнешеуін 5 пайыздық жеңілдетілген несиеге алған.

2003 жылдан бері диқаншылықпен айналысып келе жатқан Марат Қоржымбаев 20 гектарға тәтті түбір егуде. Былтыр әр гектарынан 600 центнерден өнім алған шаруашылық биыл да осы үдеден төмендемейтініне сенеді.

– Биыл көктемгі дала жұмыстары қарқынды және кідіріссіз жүргізілуде. Күн райы да қарасып тұр. Оның үстіне, жаңа техниканың көмегімен жұмысты еселеудеміз. Ауылшаруашылығы еліміздің экономикасының тірегі ғой. Шаруаларға қолдау болса, елдің ырыздық-несібесі де мол болады. Алдағы уақытта да техникаларымызды жаңалай бермекпіз, – дейді М. Қоржымбаев.

Жалпы, Жолбарыс батыр ауылдық округінде 3500 гектар суармалы егістік болса, биыл соның 700-ге жуық гектарына қызылша егу жоспарланған. Округ әкімі Ермек Досанамановтың айтуынша, былтыр осынша егістіктен алынған 29 мың тонна өнім қамбаға құйылыпты. 

БІРЕГЕЙ БІЛІМ ОРДАСЫ

Қаратал ауданында баламасыз білім ордасы жұмыс істейді. Бұлай деуімізге толық негіз бар. Өңірде 3 гуманитарлық колледж (Сарқан, Панфилов және Қаратал аудандарында) болса, осы оқу орны ғана Еуростандарт бойынша білім береді. Теңдессіз оқу орнының атауы – Үштөбе гуманитарлық колледжі. Өзі жергілікті халықтың сұранысына орай «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында 2023 жылы 1 қыркүйекте ашылған. Алғашында 2-ақ мамандық оқытылса, бүгінде 4 мамандық бойынша болашақ маман иелерін тәрбиелеуде. Соған сәйкес былтыр 50 студент білім алған колледждегі ізденушілер саны 130-ға жеткен. 

Колледж директоры Эльмира Ідірісованың айтуынша, материалды-техникалық базасы заманауи оқыту құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Білім ордасында 15 оқу кабинеті болса, оның әрқайсысы компьютерлік техникамен, интерактивті тақтамен жабдықталған. 30 орынды заманауи жатақханасы да бар. Қазір онда қашықтан келген студенттер орналасқан. Сонымен қатар, психологиялық жеңілдету орталығы, студенттердің демалыс бөлмесі, оқу залы, арнайы жабдықталған тренажер залы да қарастырылған.

– Колледжде маман тапшы. Қазір сол тапшылықты мектеп мұғалімдері өтеп жүр. Дейтұрғанмен, сапа үдесінен төмендеп жатқанымыз жоқ. Біздің студенттер 4 жыл оқиды. Содан кейін І. Жансүгіров атындағы ЖУ-мен меморандум жасағанбыз. Колледжден білім алған студент гранттық негізде оқи алады. Сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен де келісім бар, – дейді колледж директоры. 

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласында қазір құрылыс қарқынды. Өйткені, баспана кезегінде тұрғандардың сұранысын қанағаттандыру бірінші орындағы мәселе. Аудан әкімі Ұлан Досымбековтың сөзіне сенсек, қазір ауданда 1424 адам кезекте тұр. Былтыр «Көкдала» шағынауданынан әлеуметтік осал топтағы азаматтарға құны 1,2 млрд. теңгеге жуық қаражатқа 64 тұрғын үй сатып алынған. Биыл Үштөбе қаласынан 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің іргесі қалануда. Құны 1,4 млрд. теңгеге жуық қаражатқа салынып жатқан нысанның құрылысын «Global Construction kz» серіктестігі жүргізуде. Құрылыс учаскесінің бригадирі Асхат Сүлейменов 1 сәуірден бері 50 адам нысан басында еңбектеніп жатқанын жеткізді. Одан бөлек, 8 техника жұмылдырылған.

– Қазір іргетасын құйып жатырмыз. Әлі де жұмысшылар келеді. Жергілікті 10 тұрғынды жұмыспен қамтып отырмыз. Осы жылы қараша айында пайдалануға береміз. Біздің міндет – ғимаратты тұрғызып, ел игілігіне беру. Ал маңайды абаттандыру, инфрақұрылымды тарту жұмыстарымен басқа мердігер айналысады, – дейді А. Сүлейменов. 

Аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Диас Адаевтың сөзіне сенсек, биыл 100 тұрғын қоныстойын тойламақ. Сонымен қатар, алдағы уақытта ауданнан 40 және 60 пәтерлік үй салу да жоспарланып отыр екен. 

ХАЛЫҚ САУЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА 

Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы дәрігерлік амбулаторияның іске қосылғанына көп бола қойған жоқ. Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорының есебінен салынған бұл нысан күніге 50 тұрғынды қабылдай алады. Қазір мұнда 3 жалпы тәжірибелі дәрігер, 9 мейірбике қызмет етуде. Жалпы, амбулатория 5 мыңнан аса тұрғынның денсаулығын жіті бақылайды. Амбулатория меңгерушісі Феруза Егембердиеваның айтуынша, амбулаторияда 1 ультрадыбыстық зерттеу құрылғысы, 4 дефибриллятор, 1 ЭКГ және басқа да қажетті медициналық құрал бар. Сонымен қатар, дәрігерлік амбулаторияда тіркеу бөлімі, әйелдерді қарау, дәрігерге дейінгі қаралу, физиотерапия, емдік дене шынықтыру бөлмесі, дені сау балаларды қабылдайтын бөлме, күндізгі ем қабылдайтын  5 күндік стационар, алдын ала қабылдайтын және екпе салатын бөлмелер бар. Үштөбе қаласының тұрғыны Нұрлан Нұрпейісов күндізгі стационарда ем қабылдап жатыр. Ақ халаттылардың арқасында асқазан жарасынан айығып келеді.

– Адам жанын дәріден бөлек жылы сөз емдейді. Мейірбике Гауһар Малдыбаеваның әрбір сөзі жанды жадыратады. Шынында бұл жерде абзал жандар еңбектенуде. Алғыстан басқа айтарым жоқ, – дейді Н. Нұрпейісов. 

Әулие мен әмбиелер мекен еткен қасиетті Қаратал ауданының тыныс-тіршілігі көрген жұртты тәнті етпей қоймайды. Мұндай жарқын істердің мұнымен тоқтап қалмасы анық. Алдағы уақытта да Қаратал өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсара бермек. Аудан тұрғындары мен өңірдің дамуына облыс әкімдігінің қалтқысыз қызмет ететіні сөзсіз.

Қатысты жаңалықтар

Қараталда Спорт күніне орай үздік спортшылар марапатталды

Қараталда Спорт күніне орай үздік спортшылар марапатталды

19.08.2026
Өндірісті дамыту және еңбек адамының жағдайы талқыланды

Өндірісті дамыту және еңбек адамының жағдайы талқыланды

19.08.2026
Ауыл тұрмысы қолайлы болмақ

Ауыл тұрмысы қолайлы болмақ

19.08.2026
Ертеңнен үмітіміз зор

Әлем алдындағы абырой

19.08.2026
Жетісуда тіркелген интернетке қол жеткізу қызметтері нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізілуде

Жетісуда тіркелген интернетке қол жеткізу қызметтері нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізілуде

19.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.