Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Талай құласа да қайтпайды»: Жетісу облысында 3 жасар бүлдіршін аттың құлағында ойнайды

16 мамыр 2024
КҮНДЕРЕК
"Талай құласа да қайтпайды": Жетісу облысында 3 жасар бүлдіршін аттың құлағында ойнайды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында аттың құлағында ойнайтын үш жасар бүлдіршін тұрады. Есімі — Ернұр Қанат. Талантты бүлдіршінмен Sputnik Қазақстан тілшісі сұхбаттасып қайтты.

Кішкентай Ернұрды бір жасынан бастап әкесі Алмас атқа мінгенде алдына алып отырғызып үйреткен.

«Екі жасынан есекке мініп үйренді. Үш жасқа толмай жатып атқа өзі мініп үйрене бастады. Мінезі ауыр, атқа құмар. Ағаларымен атқа таласып өсіп келеді», — дейді Ернұрдың әкесі Алмас Мұратбеков.

Алмас Мұратбековтың төрт ұлы бар. Ең үлкені 7 жаста, кенже ұл бір жаста.

«Төртеуі де атты жақсы көреді. Ат жоқ болса бір атты кезек күтіп мінеді. Аттан құлаған кездері де болды. Ішінде Ернұр алған бетінен қайтпайды. Аттан талай құлады, құласа да жылап тұрып қайта жабысып мініп алады. Тауда да құлады. Ат ауылға қашып келген. Сонда Ернұр «атты алып кел» деп сол таудың етегінде жылап күтіп тұрды. Беті қайтқан шығар деп едім, жоқ қайтпады», — дейді Алмас.

Ернұрдың анасы Мархабат балалары үшін алаңдамайтынын айтады.

«Ернұрдың атасы мен нағашы атасы да атқа құмар жандар. Күйеуім де тұлпар баптайды. Төрт ұлым да сондықтан болар, атты ерекше жақсы көреді. Ең кенже ұлым бір жаста, оның өзі атқа жабысады. Өз басым аттан құлап, мертігеді деп қорықпаймын, өйткені әкесіне сенемін», — дейді Ернұрдың анасы.

Алмас Мұратбаев мал дәрігері болып еңбек еткеніне 15 жылға жуықтады. Қазір екі тұлпарды баптап отыр, тіпті су жаңа көлік ұтып алған.

«Жұмысым жақсы, мемлекет көмектесіп жатыр. Қосымша сол тұлпар баптаймын. Негізі төрт тұлпар бар, екеуі әлі үйретілген жоқ. 2015 жылы су жаңа көлік ұтып алдым. Негізі тұлпар қазақтың қасиетті дәстүрі. Оны жандандыру керек. Осы балаларым аттың құлағында ойнайтын мықты азамат болса деп армандаймын», — дейді кішкентай шабандоздың әкесі.

Фото: Sputnik / Айдана Дайырова

Қатысты жаңалықтар

Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Бүгін, 13:30
Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Бүгін, 13:00
Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Бүгін, 12:30
Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Бүгін, 12:00
Транзиттік әлеует трансформацияланады

Транзиттік әлеует трансформацияланады

Бүгін, 11:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.