43 жастағы ер адам басқарған BMW автокөлігінде полицейлер заңсыз ауланған балықты тәркіледі. Тәркіленген балықтардың бірі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген, салмағы 9 келіден асатын, бекіре тұқымдасты балық болып шықты.
Браконьерлік жолмен ауланған балықты тиеп алған автокөлік Талдықорған-Үштөбе тас жолының 40 шақырымында ұсталды.
— Сараптама тәркіленген бекіре тұқымдас пілмай балық екенін растады. Болжам бойынша, Қаратал өзенінің төменгі ағысында балық аулауға тыйым салынған жерде балық аулаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, — деді Жетісу облысы ПД табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.
Дереккөз: Nege.kz





