Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда Kaspi терминалынан тоқ соққан бала ауруханаға түсті

22 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда Kaspi терминалынан тоқ соққан бала ауруханаға түсті
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандағы Seven дүкенінде болған оқыс оқиға әлеуметтік желіде қызу талқылануда.

Жеті жасар баланы Kaspi терминалынан тоқ соққан сәттің видеосы тарап, оны зардап шеккен баланың анасы Назым Адилова жариялады. Анасы бұл видео арқылы тұрғындарды сақ болуға шақырады.

Оқиға видеодан баланың дүкен кіреберісіндегі есікті ұстап, кейін оң қолын Kaspi терминалына тигізген сәтте оны тоқ ұрғаны анық көрінеді. Бақытына орай, баланы әйел құтқарып қалған. Назым Адилованың айтуынша, терминал маңында ашық сымдар болмаған, сырттан қарағанда бәрі қалыпты көрінген.

«Кеше менің ұлымды Kaspi терминалынан тоқ ұрды. Балам ауыр жарақат пен қатты қорқынышты бастан өткерді. Саусақтарында күйік, ауырсыну бар, денесі тырысып, құрысып қалды. Ол қатты шошып, психологиялық соққы алды. Мұндай жағдай ешкімнің басына түспесін!» – деді Назым Адилова.

7 жастағы бала қазір облыстық көпсалалы балалар ауруханасында ем алуда. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалады. Толық диагноз тексерулерден кейін белгілі болады.

«Жұмаға дейін ауруханада боламыз. Абай болыңыздар, сақтықта қорлық жоқ!» – деп ескертті анасы.

Талдықорғанның денсаулық сақтау басқармасы баланың ауруханада екенін растады: «Жағдайы тұрақты. Қосымша ақпарат ата-анасының рұқсатынсыз берілмейді», — деді.

Жетісу облысының полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.

«Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін құрылғыны орнату ережелері тексеріліп жатыр. Кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Тергеу департамент басшылығының бақылауында», – деп мәлімдеді полиция.

Назым Адилова жіберген фотода баланың терминалдың қай бөлігін ұстағаны көрінеді. Оқиға қоғамда қызу талқыға түсіп, қауіпсіздік мәселесіне назар аудартты.

«Жетісу-Ақпарат» 

Фото: Баланың анасы Назым Адилова жіберген

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.