Талдықорған: +7°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТАЛДЫҚОРҒАНДА КСРО-ҒА ҚАРСЫ ТҰРҒАН ҚАҺАРМАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

10 желтоқсан 2020
КҮНДЕРЕК
ТАЛДЫҚОРҒАНДА КСРО-ҒА ҚАРСЫ ТҰРҒАН ҚАҺАРМАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қыстың алғашқы айы желтоқсан келген сайын еліміздің Тәуелсіздігіне қатысы бар жандардың бәрі түрлі марапатқа ұсынылып, көпшіліктің құрметіне бөленіп жатады. Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан жандармен жүздесіп, күллі әлемді дүр сілкіндірген көтеріліс жайында әңгіме өрбітті. Бұл туралы «Жетісу» газеті мәлімдеді.

Қазіргідей карантиндік шектеулерге байланысты кездесуге келгендердің бәріне гүл шоқтары беріліп, ақшалай сыйлық үлестірілді. Жалпы облыста Желтоқсанның ызғарын сезініп, кеңестік идеологияның қысымын көрген 156 адам тұрады. Олардың бәрі де бүгінгі күні қоғамның дамуына, өскелең ұрпақты патриоттық бағытта тәрбиелеуге үлес қосып келеді.

– Жетісу жері жыл санап өсіп, өркендеп келе жатқанын жақсы білесіздер. Жақында ғана Талдықорған қаласында студенттерге арнап салынған қос жатақхана пайдалануға берілді. Осының өзі қазіргі жастарға жасалып отырған қолдаудың салмағынан хабар берсе керек, – деген Рустам Әлиұлы кеңестік кезеңнің зобалаңын көрген жандарға деген құрметі мен ықылас-пейілін жеткізді. – Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, қажымас қайрат тілеймін. Жалпы Желтоқсан оқиғасы туралы әлі де толық зерттеліп біткен жоқ. Оған қатысушылардың әрқайсысы бір-бір фильмнің кейіпкері болуға лайық. Дегенмен, облыстық «Жетісу» телеарнасының жанынан құрылған шығармашылық ұжым арнайы деректі фильм жасауды қолға алады деп сенеміз. Өйткені, қаһарынан күллі әлем тайсалып тұрған КСРО атты алпауыт мемлекеттің басшылығына қасқайып қарсы тұрған сіздердің өмірлеріңіз өскелең ұрпақ үшін үлгі болуы тиіс. Сондықтан қай жерде жүрсеңіздер де, отаншылдық, мемлекетшілдік рухын асқақ ұстап, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жайлы айтудан танбаңыздар!

Одан соң Желтоқсан оқиғасына қатысып, тағдырдың теперішін көрген облыстық «Жетісулық желтоқсандықтар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ермұхан Жүнісхан, журналист Бағдат Айтмұқаева кезекпен сөз алып, өздерін елеп-ескеріп жатқан облыс басшылығына ризашылық білдірді.

Кездесу соңында желтоқсаншылар облыс әкімінің орынбасарымен естелік суретке түсті.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

3 қараша 2026
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

3 қараша 2026
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

3 қараша 2026
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

3 қараша 2026
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

3 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.