Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда сайлау саласының ардагерлері марапатталды

7 ақпан 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда сайлау саласының ардагерлері марапатталды
WhatsAppTelegramFacebook

Ақпан айының 6-шы жұлдызы – Дүниежүзілік сайлау күні. Осыған байланысты Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл аймақтағы сайлау саласының ардагерлері және қалалық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесті.

Басқосуға комиссия мүшелерімен қатар Жетісу облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ержан Сәбитов, сала ардагері Шырақбай Жылқайдаров, Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясын ұзақ уақыт басқарған Ерғазы Қошанбеков және бұрын қалалық мәслихатының аппарат басшысы, шақырылым депутаты болған Тимур Биғожанов қатысты.

Қазақстан Республикасы сайлау және сайлану құқығы Конституциялық заңда реттелгенін атап айтқан шаһар басшысы комиссия қызметі аса жауапкершілікті қажет ететінін атап айтты. Сондай-ақ, Ернат Дүйсенбекұлы ардагерлерді мерейлі мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. 

– Бүгін біз сайлау саласында қызмет еткен Талдықорған қаласы ардагерлерінің қоғамға сіңірген ерен еңбегіне айрықша алғыс білдіру мақсатында жиналып отырмыз. Сіздер тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуында үлкен үлес қосқан азаматтар ретінде әрқашан құрметке лайықсыздар. Өздеріңізге мәлім, сайлау – демократияның, еркіндіктің және азаматтық жауапкершіліктің символы. Осы арқылы әр азамат өз дауысының маңыздылығын сезініп, елдің ертеңі үшін таңдау жасайды, – деді қала әкімі.

Жиын соңында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына және сайлау саласына сіңірген көп жылғы еңбегі үшін бірқатар азаматтар марапатталды.

 Айта кетейік, жыл сайын барлық елде ақпан айының бірінші бейсенбісінде 2005 жылы Будапешт қаласында (Венгрия) өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде құрылған және Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі.

 

                                                                       Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Бүгін, 13:30
Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Бүгін, 13:00
Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Бүгін, 12:30
Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Бүгін, 12:00
Транзиттік әлеует трансформацияланады

Транзиттік әлеует трансформацияланады

Бүгін, 11:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.