Талдықорған: +4°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТЫҢ ЖОБА ҰСЫНҒАН ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ БЕРІЛДІ

14 тамыз 2021
КҮНДЕРЕК
ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТЫҢ ЖОБА ҰСЫНҒАН ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ БЕРІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Алматы облысында «Жас ғалым» ғылыми-инновациялық жобалар байқауы өтіп, оған 30-дан астам жас өздерінің түрлі саладағы ғылыми еңбектерін ұсынды. Олар жасыл энергетиканы дамыту, білім саласына инновация енгізу, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуін жеңілдету және басқа да бағыттарда еңбектенген. Жеңімпаздарды Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев марапаттады. Бұл туралы «Жетісу» газеті Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметіне қарағанда «Жас ғалым» ғылыми инновациялық байқауы өңірдегі жастардың бастамаларын қолдау мен олардың ғылыми әлеуетін арттыруды мақсат етеді. Байқауда 8 жас дара шығып, олар 300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақшалай сыйлықтармен марапатталған.

Мәселен, Тимур Рақысбаев «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Zerdeli bala» оқыту мобильді қосымшасы» жобасын ұсынып, бас жүлдеге ие болса, бірінші орын алған Сүлеймен Демирел атындағы университеттің компьютер ғылымдары мамандығы бойынша PhD-да оқитын Аймөлдір Алдабергеннің жобасы инклюзивті білім беру ұйымдарының жұмысын жеңілдетуге арналған.

Аймөлдір Алдаберген дислексиясы бар балаларға арналған жасанды интеллектке негізделген анимациялық генератор алгоритмін құру туралы жобаға кірісу жайындағы ой алғаш докторантурада оқи бастағанда келгенін айтады.

— Қазақстанда дислексиясы бар балаларды тәрбиелейтін 19 мектеп бар. Мен жобаға кірісер алдында сол мектептермен байланысып, сала мамандарының ой-пікірлерін тыңдадым. Олар мұндай жобаның қажет екенін айтты. Қазір педагогтар балаларға мәтіндерді сурет арқылы ұғындыру үшін оны пластилиннен жасап көрсетеді. Бұл едәуір уақытты алады және шығыны көп дейді мамандар. Ал менің жобамда мәтін бойынша суреттерді анимация арқылы жылдам көрсетуге мүмкіндік бар, — дейді жас ғалым А.Алдаберген.

Инклюзивті білім беруді дамытуға қосылған елеулі үлес деуге тұратын жобаны білім жүйесіне енгізсе, технологиялық жаңалық бұл саланың жүгін едәуір жеңілдетпек. Сол сияқты «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Дамир Нұркежанов «Future-IT» робототехника мектебі», Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенті Жігер Берліғожа «Eko Green», С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенті Гүлім Серғалы «Мүмкіндік» («Opportunities»), С.Демирел атындағы университетінен Қамар Бегайым «Қазақстанның ЖОО-да оқуға арналған гранттарды талдау», І.Жансүгіров университетінің жанындағы колледж студенті Сапар Сұлтан «Энергия өндіретін инновациялық тақтайша», Юлия Лим «Жастар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Потенциал» уақыт клубы» жобаларымен үздіктер қатарынан көрінді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

31 қазан 2026
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

31 қазан 2026
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

31 қазан 2026
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

31 қазан 2026
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

31 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.