Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда жаңа онкологиялық орталық ашылады

14 қаңтар 2025
КҮНДЕРЕК
WhatsAppTelegramFacebook

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛГЕН   МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ БОЛАТ КЕРІМБЕК ӨҢІРЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ.

Осы уақытқа дейін Жетісу өңірінде жасалып жатқан жұмыстар аз емес, өзгерістер де бар. Ең үлкен жетістік,  өңірден сайланған депутаттар атсалыса жүріп Талдықорған қаласының  жаңа ықшам ауданындағы  тұрғындар үшін  емхана ашу  мәселесі шешімін тауып отыр. Қалаға кіре берістегі сот  өкілдері үшін салынған ғимаратты емхана етіп жасауға  2026 жылға  қаражат бөлініп, бюджетке кіріктірілді. Бұл – олардың  медицина саласына қосқан үлесі. Кездесуде  депутат  Болат Бақбергенұлы   осылай деп үн қатты.

Жиынға мәжілісменнен бөлек  облыстық заңгерлер одағының төрағасы,  Нұрбек Құдайберген, «AMANAT» партиясының облыстық филиалы төрағасының м.а. Асхат Досмұхамбетов,  облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Жүнісова және медицина мекемелерінің басшылары  қатысты.

Өз сөзінде  халық қалаулысы  көпшілікті  алаңдататын  қоғамдағы  біршама түйткілді дүниені  тілге тиек етті. Соның ішінде  жастардың кеш үйленуі, әскерге бару, суицид мәселесі, энергетикалық сусынға,  әлеуметтік желіге байланған жастар туралы сөз болып, қатысушылардың ойлары  тыңдалды.

Болат Бақбергенұлы   әскерге бару  қоғамдағы өзекті мәселенің біріне айналғанын, қазіргі  жастармен  әңгімелескенде  олар әскерге барғысы келмейтіндерін ашық айтыпты.  Бірі әскерге  кетірген  уақытын бизнес ашып, ісін жүргізуге жұмсау абзал десе, енді бірі «бір жылға ақша төлесе, әскерге барар едім» деген. Бұл тұрғыда   медицина мамандары әскери міндетін   өтеушілерге қатысты былайша ой  өрбітті. Мәселен, әскерге  барушылардың  медициналық тексеруден өтуге кететін  шығынының нақты тарифі белгіленбеген, яғни біреуін  толық медициналық тексеруден өткізуге  шамамен 40 мың теңге жұмсалады. Ал, осыдан екі жыл бұрын Кербұлақ ауданындағы әскери  комиссариаттан әскерге барушыларды медициналық тексеруден өткізу бойынша тендерді өзге өңірдің кәсіпкерлері   ұтып алып, біраз әуре-сарсаң туындапты. Осындай олқылықтарды  тілге тиек еткен дәрігерлер  қазіргі жасөспірімдердің денсаулығына да жете көңіл бөлу керегін айтады. Кеңес уақытында  әр медициналық мекемеде жасөспірімдерді тексеретін арнайы  кабинет болыпты. Осындай кабинетті қайта ашу туралы көтерілгенімен нәтиже болмаған.  Егер қазір  жасөспірімдер кабинеті  болса, әскерге барушыларды алдын ала іріктеуге қолайлы әрі  жұмысты жеңілдетіп,  жандандыра түсуге болар еді деп ағынан жарылды. 

Кездесуде  елімізде онкологиялық аурулардың көбейгені туралы да  сөз болып, осыған орай біраз дүние айтылды. Бір ғана Жетісу облысында 7 мыңға жуық адам обыр дертіне шалдыққан. Облыс  орталығы Талдықорғанда онкологиялық аурухананың жаңа ғимаратын   салу жоспарда бар ма  деген сауал  да орын алды. Бұйырса Қаратал ықшам ауданынан арнайы 5  гектар  жер бөлініп,   осы жылдың ақпан,  наурыз айларында  сараптамаға кіргізіледі екен.  Емдеу мекемесі Президент тапсырмасы аясында тұрғызылмақ. Ауқымды жобаны жүзеге асыру мақсатында   облыс әкімдігі, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақмыс» холдингі үшжақты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға  қол  қойған. Жаңа онкологиялық орталық науқастарға сапалы ем көрсетуге мүмкіндік береді.

Әрбір қаузалған  ой мен ұсынысты  қойын дәптеріне түртіп алған депутат айтылған  мәселелердің   шешімін табуына үлес қосатынын тілге тиек етіп, медицина саласы  ұжымының жұмысына толағай табыс тіледі.

Мұнан  кейін Болат Бақбергенұлы  Жетісу облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының жұмысын көріп, тиесілі нысандарды аралады. Соның бірі ҚР Қорғаныс министрлігі 99285 әскери бөлімінің  штабының   жұмысымен танысты.

Өз сөзінде депутат  қазіргі уақытта жұмылдыру дайындығын жетілдіру және осы саладағы жаңа технологияларды енгізу қажеттігі туралы ойын ортаға салды. Ал ұжым қызметкерлері өз жұмыстарында кездесетін қиындықтар мен ұсыныстарын айтты. Әсіресе, материалдық-техникалық базаны жақсарту, кадрларды дайындау және әлеуметтік қолдау мәселелері көтерілді.

Жұмылдыру дайындығы елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі екенін айтқан депутат жұмыс барысында   басқармаға қарасты сақтау қоймаларымен де танысты.

Сарби ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ

Суретті түсірген Жұмабай  МҰСАБЕК

 

Қатысты жаңалықтар

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00
Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Бүгін, 13:34

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.