Талдықорған: +17°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖАСЫ ЖҮЗГЕ ТАЯҒАН СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

10.05.2021
КҮНДЕРЕК
ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖАСЫ ЖҮЗГЕ ТАЯҒАН СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жеңіс күнінде Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ Талдықорған қаласындағы Отан соғысы ардагерлері Михаил Баранов пен Сәрсенбай Қаңтарбайдың шаңырағына барып, ардагерлерді құттықтап, мерекелік сыйлықтар тапсырды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Алғашқы кезекте І дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденінің иегері Михаил Барановтың отбасында болған облыс басшысы:

— Михаил Васильевич, сізді шын жүректен Жеңіс күнімен құттықтаймын. Құрмет пен қошеметке әбден лайық жансыз. Өзіңіз сынды жауынгерлер Отанымызды жаудан қорғады. Бүгінде қатары сиреп қалған Отан соғысы ардагерлерін көру біз үшін үлкен қуаныш. Жүз жылдық мерейтойыңызға аман-есен жетуіңізді тілеймін, – деді.

Биыл 98 жасқа келетін қария облыс әкіміне алғысын жеткізді. Ардагердің қызы әкесінің майдан даласында түскен суреттерін көрсетіп, соғыс жайлы айтқан әңгімелерімен бөлісті.

Келесі кезекте облыс әкімі Отан соғысының ардагері Сәрсенбай Қаңтарбайдың шаңырағына бас сұғып, хал-жағдайын сұрап білді. Биыл 97 жасқа келген қария өздігінен жүріп тұрады, сөзі де, айтар ойы да анық. Қарияның әлі де тың екенін көріп ризашылығын жасыра алмаған Амандық Ғаббасұлы:

— Сізді көріп қатты қуанып отырмын. Әлі де тың екенсіз. Осы қалыпта 100-ге жетіңіз. Сіз сияқты облысымыздан соғысқа қатысқан 41 ардагер ғана қалды. Республика бойынша 660 ардагер бар. Елбасы да, Президентіміз де өздеріңізге ыстық ықыласын жеткізіп жатыр. Сіздердің арқаларыңызда бүгінде аспанымыз ашық, бейбітшілік заманда өмір сүріп жатырмыз. Індет жойылса, сіздің жүзге келген тойыңызды да тойлармыз. Адамның бақыты – ұрпақтары. Ұрпағыңызбен мың жасаңыз, – деп «Жаркент-Арасан» шипажайына жолдама табыс етті.

Сәрсенбай ата өткен күндерді еске алып, Бауыржан Момышұлымен соғыста бірге болғанын, Сағадат Нұрмағамбетовпен Түркменстанда офицерлік оқуды бірге оқығанын айтты.

— Жетпіс алты жыл Жеңіс күнін тойлап келген менің ешқандай арманым жоқ. 9 бала өсірдім. 25 немере, 45 шөберем бар. Әйелім былтыр өмірден өтті. «Күміс алқа», «Алтан алқа» медальдарын иеленді, – деді.

Бұдан соң облыс әкімі жетелей сыртқа шыққан қария өзіне деген үлкен құрметтің куәсі болды. Талдықорған қаласындағы №18404 әскери бөлімінің  сарбаздары соғыс әуендерінен марш ойнаса, №14 орта мектеп-гимназиясының кадет класы «Жас полиция» тобының ұландары сап түзеп жүріп өтті.

Бұл қошеметке риза болған Сәрсенбай ақсақал: «Мұндай құрметті маршалдар ғана көретін еді. Осылай үйімнің ауласына келіп, мереке жасап беріп жатқандарыңа мың алғыс. Ата-бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен байтақ жерімізді қорғады, солардың ұрпақтары екенімізді ұмытпайық. Баяғыда Бауыржан: «Артта Мәскеу, алдыда жау, бір қадам артқа шегінбеңдер», – деп команда беруші еді. Жас ұландар, қашанда ел қорғауға дайын болыңдар. Тыныш заман болсын! Даламыз, қаламыз құлпырып тұр, сендер де жарқырап  жайнай беріңдер!» – деген тілегін жеткізді.

Сұрапыл соғыстың қарт сарбазы сөзінің соңында:

«Алла бастарыңа бақ берсін,

Астарыңа тақ берсін,

Қызырда жүрген Қыдырды

Үйлеріңе ап келсін», – деп ақ батасын берді.

Алма ЕСЕНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық домбыра ұлықталған күн

Ұлттық домбыра ұлықталған күн

03.07.2026
Текеліде сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті

Текеліде сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті

03.07.2026
«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл соңына дейін 121 мың көшет отырғызылады

«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл соңына дейін 121 мың көшет отырғызылады

03.07.2026
Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді

Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді

03.07.2026
Ел қорғау – қасиетті парыз

Құқықтық мемлекет жолындағы соны үдеріс

03.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.