Талдықорған қаласының әкімдігі жылыту маусымы мерзімінен бұрын тоқтатылатынын мәлімдеді.
«Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары! Гидрометеорология қызметінің анықтауы бойынша, қалада алдағы бес күн ішінде қалыптасқан орташа тәуліктік температура +8 градус және одан жоғары болуына байланысты және ұзақмерзімді ауа райы болжамын назарға ала отырып, Талдықорған қаласының әкімдігі жылу беру маусымын 11 сәуірде аяқтау туралы шешім қабылдады», — делінген әкімдік хабарламасында.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»