Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғандықтар тау тұлғаны еске алды

13 қаңтар 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғандықтар тау тұлғаны еске алды
WhatsAppTelegramFacebook

Қаңтар айының 12-ші жұлдызы аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Осыған байланысты Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда тау тұлғаны еске алуға арналған арнайы іс- шара өтті.

Қала тұрғындары мен басшылары, ардагерлер және жастар қатысқан еске алу шарасында марқұмның рухына тағзым етіліп, еңселі ескерткіші алдына гүл шоқтары қойылды. Жиналған қауым алдында сөз алған Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл халқымыздың қадірлі перзенті Дінмұхамед Ахметұлы билік тізгінін ұстаған тұста 40-тан астам қала тұрғызып, ел экономикасының дамуы мен ұлт мүддесін қорғау жолында қосқан өлшеусіз үлесін екенін айрықша атап өтті.

– Қазақ халқының біртуар азаматын еске алғанда, тау тұлғаның еліміздің өркендеуіне үлес қосқаны, мәдениеттілігі, адалдығы мен адамдығын ескерер болсақ, одан асқан қарапайым басшы болмағанын ұғынамыз. Ұлт тарихын зерделеуде артында қалған мұрасы мен келелі ой-тұжырымдарын зерттеп жеткізу, ұлт перзенттерін ұлықтау – біз үшін абыройлы парыз. Дана халқымыздың дара перзенті Дінмұхамед Ахметұлы ел үшін туған ер еді. Аянбай қызмет етіп, адалдық пен шындықты ту еткен, қазақтың еңсесінің көтерілуіне елеулі еңбек сіңірген жанның бейнесі қаншама жылдар өтсе де әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталмақ,– деді шаһар басшысы.

Шара барысында Жетісу облысындағы Қонаев қоғамдық қорының өкілі Бақберген Түкібаев мемлекет қайраткерінің өмірі мен өскен ортасы, еңбек жолы туралы қысқаша тоқталды. Сонай-ақ, ол:  — «Әр қадамы ізгілікке толы  Дінмұхамед Ахметұлы ел экономикасы мен ұлт мәдениетінің өркендеуіне өзінің білімі мен мол тәжірибесін арнаған заңғар саясаткер. Ол түрлі деңгейдегі қызметтерді атқара жүріп, өктем саясаттың ығына жығылмай, ұлт қамын бір сәтке де естен шығармаған жан. 1912 жылы әсем қала Алматыда дү­ниеге келіп, мағыналы да мәнді ғұмыр кешкен Дін­мұхамед Ах­мет­ұлы әрдайым халқымыздың жүре­гінде. Бар ғұмырын ұлт қамы, ұрпақ болашағына арнаған бір туар тұлға 1993 жылы 22 тамыз Алакөл аумағында өмірден озды. Көзінің тірісінде мансап пен байлықтың құлы болмай, көпке үлгі бола білді. Оның даңқты есімі ел жадынан мәңгі өшпек емес», -деп сөзін түйіндеді.

Айдын КӘЛІМХАН

 

Қатысты жаңалықтар

Транзиттік әлеует трансформацияланады

Транзиттік әлеует трансформацияланады

Бүгін, 11:36
Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Бүгін, 11:30
Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Бүгін, 11:00
729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

Бүгін, 10:30
Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Бүгін, 10:06

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.