Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Талдықорған – Үшарал» газ құбыры: 84 елді мекен көгілдір отынға қашан қосылады?

21 қаңтар 2026
КҮНДЕРЕК
«Талдықорған – Үшарал» газ құбыры: 84 елді мекен көгілдір отынға қашан қосылады?

7-su.kz / Мәулен Әнербай

WhatsAppTelegramFacebook

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстағы газдандыру жұмыстары сөз болды. Жиынға Жетісу облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Азамат Кемелов, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Жетісу өндірістік филиалының директоры Айбек Ерғали және газбен жабдықтау және өткізу қызметінің бастығы Дәулет Өсербаев қатысты.

– Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында ұзындығы 302 км, құны 124,8 млрд теңге болатын «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбыры және 6 АГРС пайдалануға берілді. Халық саны 133,9 мың адамды құрайтын 84 елді мекенді газдандыру үшін жеке инвестициялар есебінен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026-2027 жылдарға жоспарланған. Нәтижесінде облысты газдандыру деңгейі 92,8%-ға жетіп, 210 елді мекен қамтылады, 652,3 мыңнан астам адам табиғи газға қол жеткізеді, – деді Азамат Шаймерденұлы.

Спикер Айбек Ерғали тариф мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1 м³ табиғи газдың бағасы ҚҚС-пен бірге 45,37 теңге деңгейінде бекітілген.

– Алдыңғы жылыту маусымында тауарлық газдың бөлшек саудадағы бағасы 1 м³ үшін 38,24 теңгені құрады. Айырмашылық – 7,12 теңге. Ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесінің 16%-ға дейін өсуіне байланысты тұрмыстық тұтынушылар үшін газ бағасы 1 м³ үшін 46,99 теңге болады, – деді ол.

Ал Дәулет Өсербаев газ есептегіштерін тексеру мерзімі жайлы сөз қозғады. Тұрмыстық газ есептегіштері үшін бірыңғай тексеруаралық интервал – 5 жыл. Егер есептегіш тексеріліп, оң қорытынды берілсе, есептелген газ көлемін 6 айдан аспайтын мерзімге қайта есептеуге (түзетуге) мүмкіндік бар. Талдықорған қаласы бойынша желтоқсан айында 1 516 тұтынушыға (есептегіш мерзімі өтуіне байланысты) норматив бойынша есептеу жүргізілді. Ондағы сома 26 000-нан 158 800 теңгеге дейін жеткен.

Басқосу барысында тұтынушылар тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға жауап берілді. Айталық, «Неге төлем көп шықты?» деген сауалға мамандар төлемнің артуы күннің суытуына және тұтыну көлемінің өсуіне байланысты екенін, сол үшін газды үнемдеп пайдалануды ұсынды. «Есептегіш болса, неге ауданға (квадратураға) қарап төлейміз?» деген сұрақ та жауапсыз қалмады. Бұл тек есептегіштің 5 жылдық тексеру мерзімі өтіп кеткен жағдайда қолданылатын шара. Қазіргі таңда 40 мыңнан астам абоненттің 1,5 мыңында осындай мәселе бар. Тұтынушыларға есептегіштің техникалық паспортындағы тексеру мерзімін мұқият қадағалау ұсынылады.

Арайлым Абылғазы
ЖУ студенті

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

16 қараша 2026
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

16 қараша 2026
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.