Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

1 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік шара өтті. «Жастар» саябағында спорттық ойындар, түрлі этнос өкілдерінің көрмелері мен дәстүрлі тағамдары ұсынылды.

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңір тұрғындарын құттықтап, бұл мейрамның маңызы туралы айтты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында көптеген іс-шаралар атқарылды. Жетісу өңірінде «Достық аллеясы» ашылып, көркем фильмдер түсіріліп, кітаптар шығарылуда. Сонымен қатар, Талдықорған, Жаркент және Үштөбе қалаларында муралдар салынып, этностар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Бұл іс-шаралар бейбіт те берекелі өмірдің бағасын ұғуға, қоғамдық келісімді нығайтудағы жаңа міндеттерді іске асыруға тың серпін береді деп сенеміз, — деді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Панфилов ауданында Достық үйін ашу қажеттігін айтқан еді. Бұл жұмыс жақын арада жүзеге асатын болады.

Облыс әкімі құттықтау сөзінде Жетісу халқының бірлігі мен ынтымақтастығының арқасында өңір экономикасы қарқынды дамып жатқанын да атап өтті.

«Жетісу облысы құрылған үш жылдың ішінде экономикамыздың өсуі біздегі ынтымақтастықтың нәтижесі. Бұл жетістіктер болашақта да жалғасын табатынына сенімдімін», — деді ол.

Бейбіт Исабаев өңір тұрғындарына әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлестері үшін алғыс айтып, баршаға денсаулық, бақ-береке, және еліміздің өркендеуі үшін табысты еңбек тіледі.

Шара барысында әртүрлі этнос өкілдерінің мәдениеті, ұлттық киімдері мен тағамдары ұсынылып, Жетісу жұртшылығы бірліктің маңызды құндылықтарын сезініп, ынтымақтың мәнін терең ұғынды.

Салтанатты жиында қала халқы мерекелік концерттік бағдарламаға куә болып, шат-шадыман күйге бөленді.

Мәулен Әнербай
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.