Талдықорған: +28°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

30.12.2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Жаңа жыл қарсаңында шаһарда 60 пәтерлі жаңа тұрғын үй пайдалануға беріліп, көптен күткен қоныс тойы өтті.

Салтанатты шараға Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қатысып, жаңа пәтер иелерін қуанышымен құттықтады. Қала басшысы өз сөзінде тұрғын үй құрылысы халықтың өмір сапасын арттырудағы басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

– Мемлекет тарапынан тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытында нақты жұмыстар атқарылып келеді. Бүгін пайдалануға берілген бұл тұрғын үй соның айқын дәлелі. Жаңа қоныс иелеріне құтты болсын айтып, әр шаңыраққа береке мен амандық тілеймін, – деді Ернат Дүйсенбекұлы.

Жаңа тұрғын үй заманауи талаптарға сай салынып, барлық инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтылған. Пәтерлер әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, көпбалалы отбасыларға және тұрғын үй кезегінде тұрған қала тұрғындарына табысталды.

Қоныс иелері мемлекет қолдауының арқасында баспаналы болып отырғандарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, жаңа үйлер жайлы, жылы әрі өмір сүруге қолайлы.

Ынтымақ шағын ауданындағы №30 орта-мектептің мұғалімі Айнұр Дәулетхан үшін биылғы жыл ерекше қуанышпен есте қалды. Ұстаз көптен күткен арманы орындалып, баспаналы болғанын жеткізді.

– Ұстаз үшін тұрақты баспана – тек жайлылық емес, ертеңгі күнге деген сенім. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың арқасында осындай қуанышты күнге жетіп отырмын, – дейді ол.

Айнұр Дәулетханның айтуынша, жаңа тұрғын үй барлық талапқа сай, кең әрі өмір сүруге қолайлы. Бұл қуаныш тек ұстаздың ғана емес, бүкіл отбасының мерейін үстем етті.

Айта кетейік, өңірде білім беру саласы қызметкерлерін қолдау, оларды тұрғын үймен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл бастамалар әлеуметтік сала мамандарының мәртебесін арттырып, еңбекке деген ынтасын күшейтуге ықпал етуде.

 «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушісі Санат Шерубаев бүгінде №16 орта-мектептің 10-сыныбында білім алады. Ол болашағын ақпараттық технологиялар саласымен байланыстырып, ІТ маманы болуды армандайды.

Санат үшін биыл ерекше жаңалықтармен есте қалды. Жасөспірім бір бөлмелі баспанаға қол жеткізіп, дербес өмірге алғашқы қадамын жасады. Ендігі мақсаты – осы шағын үйін заманауи талапқа сай студияға айналдыру.

– ІТ саласы – болашақтың кілті. Өз студиям болса, бағдарламалау үйреніп, түрлі жобамен айналысқым келеді, – дейді ол.

Оның талпынысы балалар үйінде тәрбиеленген жастардың да үлкен арманға ұмтылып, өз болашағын қалыптастыруға қабілетті екенін көрсетеді. Қолдау мен сенім болған жағдайда, мұндай мақсаттардың орындалары сөзсіз.

Алдағы уақытта да Талдықорған қаласы мен облыс аудандарында тұрғын үй құрылысы жалғасып, жаңа пәтерлер пайдалануға берілмек. Бұл жұмыстар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және өңірдің тұрақты дамуына серпін береді.

Қажет Андас

Қатысты жаңалықтар

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026
Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.